You are here
Ұлыбританияда Халықаралық студенттер мәселелері жөніндегі партияаралық парламенттік топ құрылды


PIE News, 13.05.2016
Ұлыбританияда шетел студенттерінің мәселелерімен айналысатын партияаралық парламенттік топ құрылды. Оған Лорд палатасы мен Қауым палатасының мүшелері кіреді.
Ол шетел студенттерінің құндылықтарын еңбек нарығы, экономика үшін Ұлыбританияның "жұмсақ күші" ретінде жетілдіру және шетел студенттерін басқа елдердің үкіметтері арқылы тарту мақсатымен құрылды.
Топ халықаралық білім беру секторына теріс әсер ететін заңнамалық актілердің өзгерістерін жетілдіреді. Сонымен өатар, олар Ұлыбританиядағы шетел студенттерінің санын көбейтуге мүмкіндік беретін заңдарды әзірлеумен де айналысады, осылайша, елдің халықаралық нарықтағы білім беру қызметіндегі үлесін кеңейтеді.
Топтың қызметін Study UK жоғары және кәсіптік білімнің тәуелсіз қызмет көрсетушілердің ұлттық қауымдастығы мен Exporting Education UK білім беру қызметтерін экспорттайтын британдық компаниялардың тобы да қолдайды. Олар британдық жоғары білімді жарнамалау үшін әртүрлі қоғамдық кампаниялар ұйымдастырады.