You are here

Ұлыбританияда мыңдаған екіжасар балалар мектепке дейінгі ұйымдардағы тегін орындардан айырылды

Printer-friendly versionPDF version

The Guardian, 03.09.2017

Ұлыбританияда 4 жыл бұрын әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан екіжасар балалар үшін тегін мектепке дейінгі білім алудың 15 сағаты бекітілді. 4 жылда осы сызбаны іске асыру үшін £2,5 млрд-тан астам қаражат жұмсалды. Соған қарамастан, 10 баланың 3-уі әлі де уәде етілген орындарды алмады. Мектепке дейінгі білімді тегін алуға құқығы бар 229 928 баланың 66 мыңы әлі де мектепке дейінгі ұйымдарға бармайды.

Қолайсыз аймақтардағы әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан екіжасар балаларда тегін орындарды алуға мүмкіндігі екі есе төмен. Осыдан басқа, ата-аналардың көпшілігі мектепке дейінгі ұйымдағы орынды тегін алу мүмкіндігі туралы хабарсыз. 3-4 жасар балалар үшін мектепке дейінгі білім алудың 30 сағатын енгізу 2 жастағы балалар үшін сызбаны іске асыру үшін кедергілер тудыруда.