You are here

Ұлыбританияда репетитордың қызметін пайдаланатын оқушылардың саны үштен бір бөлікке көбейді

Printer-friendly versionPDF version

The Independent, 08.09.2016

Ұлыбританияда репетиторлардың қызметіне жүгінген оқушылардың саны соңғы 10 жылда үштен бір бөлікке көбейді. Оқушылардың төрттен бір бөлігінен астамы – Англия және Уэльстің мемлекеттік мектептерінің шамамен 700 мың оқушысы – кем дегенде бір рет репетитордың көмегіне жүгінген екен.

Мемлекеттік мектептер мұғалімдерінің 43% репетитордың қызметін ұсынды. Оқушылар ағылшын тілі және математика пәндерінен анағұрлым жиі көмекті қажет ететін. Сонымен қатар, оқушылар бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін немесе гимназияға түсер алдында емтихандарды тапсыру алдында көмекке жүгінеді.

Sutton Trust қорының деректеріне сәйкес, репетитордың қызметтері жылына £2 млрд. табыс әкеледі – бір сабақтың құны шамамен £25.

Анықтама үшін: Sutton Trust – Ұлыбританиядағы білім беру қайырымдылық ұйымы. Негізін 1997ж. сэр Питер Лампл қалады. Оның мақсаты: әлеуметтік ұтқырлықты жақсарту және білім берудегі теңсіздікпен күресу.

Репетиторлық тұрмыстық жағдайы нашар отбасылардан шыққан балалар үшін жарамсыз іс-әрекет. Қордың басшысы балаларды репетиторлық қызметтерді пайдалану мүмкіндігінен айыруға болмайды деп мәлімдеді. Дегенмен, барлық балалар үшін репетиторлықтың қолжетімділігін  қамтамасыз ету керек.