You are here

Ұлыбританияның ЕО-тан шығуы елдегі жоғары білімнің дамуына кері әсер етуі мүмкін

Printer-friendly versionPDF version

Inside HigherEd, 22.06.2016

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Ұлыбританияда мемлекеттің Еуроодақ құрамынан шығуы туралы референдумның қорытындысы жасалды. Нәтижесінде еуропалық күдікшілдер 51,9% дауыс жинап, жеңіске жетті. 

Жоғары білім өкілдерінің көбі Brexit-ке қарсы шықты. Ұлыбритания ЖОО басшылары ассоциациясының өкілдері ЕО-тан шығуға қарсылық білдіретін ашық хатқа қол қойды. Олардың пікірінше, Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы мемлекет ЖОО бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді. Біріншіден, ғылымды қаржыландыру зардап шегуі мүмкін. 2014-2015жж. елдің университеттері зерттеулер өткізуге еуропалық гранттар ретінде £836 млн.-нан астам (более $1,2 млрд.) алды. Бұл қаражат барлық өткізілген гранттардың 14,2%-ын құрады. ЕО-тан шыққан жағдайда қаржыландыру азаюы мүмкін. 

Еуропалық студенттерді тарту саласында жүзеге асырылатын саясат көп сұрақтарды туындатады. Қазіргі уақытта Ұлыбритания мен басқа еуропалық мемлекеттер студенттерінің оқуақысы бірдей, ал басқа елдердің студенттерінің оқу ақысы айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, британдықтар үшін сияқты, басқа еуропалықтар үшін де студенттік несие жүйесі қолжетімді.    

Басқа еуропалық елдерден оқытушылар мен ғалымдарды жұмысқа алу да қиындықтар туғызады. Қазіргі уақытта Ұлыбритания ЕО-дан қызметкерлерді кедергісіз жұмысқа алады. Егер қозғалыс еркіндігі жойылса, онда жұмысқа алу шарттары барлық әлемдегідей болады.