You are here

Ұлыбританияның мектеп түлектері дуалды оқыту бағдарламалары туралы жеткілікті хабардар емес

Printer-friendly versionPDF version

independent.co.uk, 15.03.2016

Жақында ғана өткізілген зерттеуге сәйкес британдық оқушылар еңбекақы туралы түрлі аңыздарға байланысты дуалды оқыту бағдарламаларына түсуге асықпайды. 

Сауалнамаға қатысқан Ұлыбритания мектеп түлектерінің 4%-ы дуалды оқыту бағдарламалары бойынша білім алушылар тегін жұмыс істейді деп санайды. Көп бөлігі сол қаржы аптасына 200 фунттан аспайды деп ойлайды. 

Анықтама үшін: Дуалды оқыту бағдарламалары бойынша білім алушылар аптасына 257 фунт стерлинг алады. 

Мектеп түлектерінің 30%-дан астамы дуалды оқыту бағдарламалары туралы колледждердегі ақпарат жеткіліксіз деп айтты.  

Дуалды оқыту бағдарламалары Ұлыбританияда кең қамтылса да,  оқушылар бұл туралы хабардар емес. Мысалы, сауалнамаға қатысқандардың 48%-ы қаржы және сақтандыру салаларында осындай бағдарламалар бар екенін білмеді. 

Бизнес, инновациялар және дағдылар департаменті дуалды оқыту бағдарламалары туралы білмеушілік мәселесімен күресіп келе жатыр және "дуалды оқыту" терминінің  мәртебесін жоғарылату үшін қолынан келгенше барын салуда.    

2014-2015жж. Ұлыбританияның 0,5 млн. астам жастары  дуалды оқыту бағдарлмаларын меңгерді. Үкімет көрсеткішті 3 млн. адамға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.