You are here

Ұлыбританияның студенттері оқытушының сабағына £1 000 төлейді

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 01.08.2017

Ұлыбританияда өткізіліген зерттеу кейбір студенттердің аз жеке сабақ алуына байланысты оқытушымен бір сағаттық жұмыс үшін £1 мың ($1,3 мың) төлейтінін көрсетті.

Қазіргі уақытта ағылшын университеттердің көбісінде бакалавриат бағдарламаларының басым саны үшін Ұлыбритания мен ЕО-дан студенттердің оқуақысы көп дегенде £9,3 мың ($12,2 мыңды) құрайды.

Ақпараттың еркіндігі туралы заңды пайдаланып Бристоль университетінің және Жаңа гуманитарлық колледждің зерттеушілері 67 британдық университеттің деректерін алды. 

Ғалымдар орташа есеппен үш жылда физик студенттер 74,6, тарихты оқитындар 32,6, экономист студенттер 26,1 жеке сабақ сағаттарын алғанын анықтады.

STEM пәндерді оқыған студенттердің оқытушымен жеке жұмыс жасау сағаттарының саны әрдайым көп болды. Осылайша, гуманитарлық пәндердің студенттері  STEM бағыты студенттерінің оқуақысын «субсидиялайды».

Зерттеушілердің пікірінше, университеттер осы ақпаратты студенттерге беруі тиіс және сараланған оқуақысын белгілеуі керек те шығар.