You are here

Ұлыбританияның ЖОО-ларына талапкерлерді қабылдау саны 4% дейін төмендеді

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 13.07.2017

UCAS өтініштерді берудің орталықтандырылған жүйесінің деректеріне сәйкес соңғы жылы британдық ЖОО-ларға берілетін өтініштердің саны 4%-ға (25 мың ад.) азайды.

ЕО елдерінен келген, Ұлыбританияда білім алғысы келетін талапкерлердің саны да 5% дейін қысқарды. Осындай төмендеу 2012ж. оқу ақысы көтерілгеннен кейін бірінші рет байқалды. Сарапшылардың пікірі бойынша, Брексит және британдық ЖОО-лардың жоғары оқу ақысы бұның басты себептері болуы мүмкін.  

Осылайша, мысалы, бір академиялық жылдың құны биылғы күзде £9 250 дейін, ал студенттік несиелердің жылдық мөлшері 4,6%-дан 6,1% дейін көтеріледі. Профессор Лес Эбдон, жоғары білімнің қолжетімділігі орталығының директоры, ЖОО-ларға өздерінің білім беру бағдарламаларының баға белгілеу саясаттарын қайта қарастырған жөн деп пікір білдірді. Олай болмаса, осындай үрдіс контингенттің бұдан әрі кемуіне әкелуі мүмкін.