You are here

UNICEF: Грузияда балалардың 38%-ы балабақшаларға бармайды

Printer-friendly versionPDF version

Sputnik, 19.09.2016

UNICEF 2015 жылы өткізген Грузия халқының әл-ауқатын зерттеуге сәйкес 3-тен 5-жасқа дейінгі жастағы балалардың 38%-ы балбақшаға бармайды екен. Бұл мәселені шешу үшін мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа қосымша орындарды құру керек. Дегенмен, бұл қолданыстағы топтарға балаларды қосу есебінен жүзеге аспау керек, өйткені бұл білім беру процесінің сапасына кері әсер етеді. 

UNICEF мамандарының ұсыныстарына сәйкес жағдайды жақсарту үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдары әртүрлі стратегияларды: жаңа балабақшаларды салу, мемлекеттік балабақшадан орын алмағандарға жекеменшік балабақшаларға баруға мүмкіндік беретін ваучерлердің қаржыландыруын енгізуді қолдану керек.

Мектепке дейінгі ұйымдардың басым бөлігі балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ете алмайды. Бұл қорытынды мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды зерттеудің нәтижелеріне негізделген.