You are here

THE Университет студенттері мен қызметкерлері саны арақатынасы рейтингісін жасады

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 22.02.2016

Университет студенттері мен қызметкерлері санының арақатынасы үздік топ-100-дігіне көбінесе американдық және жапондық университеттер кірді. Рейтингке Солтүстік Америка, Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың 23 мемлекетінің ЖОО-лары кірді. Негізінен, студенттер контингенті 5 мыңнан аспайтын кішігірім университеттер жоғары орынға иеленді.

Бірақ 15 мың студент білім алатын Джон Хопкинс университеті сияқты ірі ЖОО-дар да жақсы нәтиже көрсетті. Times Higher Education (THE) негізгі рейтингінің көшбасшысы болып табылатын Калифорния технологиялық институты осы рейтингтің тек топ-50-не кірді. 

Топ-100 кірген барлық ЖОО THE негізгі рейтингке де кіреді. ЖОО-лардың ешқайсысында да көрсеткіш бір оқытушыға тоғыз студенттен аспайды.  

Рейтинг көшін бастайтын Висконсин медициналық колледжінде оқытушылар саны студент санына қарағанда басым келеді.

Рейтингті құрастырушылардың пікірінше, студенттер мен оқытушылар санының арақатынасы білім сапасына тікелей байланысты: университет профессорына келетін студенттер саны неғұрлым аз болса, білім алушылар мен оқытушы қарым-қатынасының деңгейі соғұрлым жоғары болады. Оқытушының студенттерге бөлетін уақыты мен назарының көлемі осы көрсеткішке тікелей байланысты болады деп есептеледі.

Сонымен қатар, рейтингке Ресейдің 9 ЖОО да кірді. 

 

Университет студенттері мен оқытушылар санының арақатынасы рейтингісінің Топ-10

Орын

THE

негізгі рейтингтегі орны

ЖОО атауы

Мемлекет

Студенттер мен оқытушылар санының арақатынасы

1

301-350

Висконсин медициналық колледжі

АҚШ

0,6

2

201-250

Орегона денсаулық және ғылым университеті

АҚШ

1,1

3

201-250

Раш университеті

АҚШ

2,1

4

601-800

Шова университеті

Жапония

2,5

5

351-400

Небраска университетінің медициналық орталығы

АҚШ

2,6

6

201-250

Вена медицина университеті

Австрия

2,9

7

401-500

Токио медициналық-стоматологиялық университеті

Жапония

3,3

=8

11

Джон Хопкинс университеті

АҚШ

3,6

=8

87

Вандербильт университеті

АҚШ

3,6

=10

601-800

Джунтендо университеті

Жапония

3,7

=10

601-800

Йокогама қалалық университеті

Жапония

3,7