You are here

Университеттердің қабырғасында басталатын стартаптар: ғылым ЖОО-ларда қалай қарай ілгерілеп жатыр?

Printer-friendly versionPDF version

Forbes, 03.05.2017

Мемлекеттің халықаралық технологиялық нарықтағы жетістігі көп жағдайда ЖОО-лардың, жергілікті биліктің және индустриялық компаниялардың бірлесіп жұмыс істеу қабілетіне тәуелді болады. Әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі табысты мысалдар ЖОО-лық ғылымның қалыптасқан тренді туралы айтуға мүмкіндік береді. Нидерландтың Эйндховен Техникалық университеті мен AVANS Қолданбалы ғылымдар университетінің академиялық орта базасында 1990-жылдары негізі қаланған BrainPort технологиялық хаб-өңірі айқын мысал бола алады. Хаб биліктің, бизнес пен ЖОО-лардың Philips-тің қайта құрылуына, DAF-тың банкрот болуына және 40 мың жұмыс орындарының жоғалуына ортақ жауабы болды. Бүгін BrainPort-ке елдің ҒЗТКЖ барлық инвестицияларының үштен бір бөлігі тиесілі, өңірдің бұл бағыттағы шығыстары ЖІӨ-нің шамамен 3%-ын құрайды (мемлекет және ЕО бойынша орташа көрсеткіштен жоғары).

Екінші мысал – Антиба жанында орналасқан, 1960 жылдарының соңында Теңіз жағалауындағы Альп мемлекеттік департаменттің, өңірлік сауда палатасының және жақын жерде орналасқан әкімшіліктердің күш-жігерін біріктірудің арқасында пайда болған Sophia Antipolis француз кластері. 7 жергілікті университет, соның ішінде Ницца университеті мен CERAM тобының университеті жобаның жүрегі болды. 

АҚШ үздік ЖОО түлектерінің жетістігі кампустарының жанында орналасқан жекеменшік компаниялар мен қорлардың көп санымен түсіндіріледі. Мысалы, Рен Анг (Ren Ng), Lytro стартапының негізін қалаушы (таспа оптикалық бейнекамера өндірісі), онымен Стэнфорд университетінің студенті болғанда айналыса бастады. Университетті бітіргеннен кейін, ол K9 Ventures инвестициясын тартты, компанияның кеңсесі Пало-Альтоның жанында орналасқан еді, ал басқарушы серіктес те Стэнфорд униврситетінің түлегі болып шықты.