You are here

Венгерлік студенттер университеттердің қызметі туралы жаңа заңға қарсы наразылық акциясына шықты

Printer-friendly versionPDF version

Reuters, 12.04.2017

Мыңдаған венгерлік студенттер парламенттің жанында шетелден қаржыландырылатын университеттердің қызметі туралы жаңа заңға қарсы наразылық акциясына шықты.

Жаңа заңға сәйкес шетелдік университеттер, Венгриямен қатар, олардың негізі қаланған мемлекеттерде білім беру қызметін іске асырған жағдайда ғана Венгрия аумағында жұмыс істей алады.

Сарапшылар бұл заңға америкалық миллиардер Джордж Соростың иелігіндегі Орталық Еуропа университетін (ОЕУ) жабу мақсатымен қол қойылды деп  санайды.

Университетке 2018ж. қаңтарға дейін заңға сәйкессіздіктерді жою үшін мерзім берілді. Ол үшін ОЕУ-іне Нью-Йоркте, яғни ол тіркелген жерде филиал ашу және АҚШ Үкіметімен екіжақты келісімге қол қою керек.

АҚШ пен Еуропа одағы қолданыстағы демократиялық қағидаларға қайшы келетін жаңа заңға сын білдірді.