You are here

XXI ғасыр білім беру жүйесінің 7 элементі

Printer-friendly versionPDF version

Slon, 17.05.2016  

Қазіргі кездегі мектептер өтпелі индустриалдыұ ғасыр кезінде құрылды. Олар фабрикалар типі: қоңырау, ауысым және қатаң цехтық бөліктер түрінде ұйымдастырылды. Оқушыларды сыныптарға жасына қарай, жүйе үшін адамның басты сипаттамасы оның өндірілген мерзімі сияқты, бөледі. 

«Вконтакте» әлеуметтік желі авторының бірі Павел Дуровтың айтуынша, XXI ғасырда қолданыстағы жүйеден ерекшеленетін білім берудің жаңа парадигмасы құрылады. 

XXI ғасырдағы білім беру жүйесінің ерекшеленетін элементтерінің бірі үздік мұғалімдердің интерактивті лекциялары арқылы оқыту арқылы жүзеге асады. Сандық ғасырда үздік мұғалімдер миллиондаған адамды оқыта алатын болады. Алшақ мектептердің оқушылары ең талантты мұғалімдерден білім ала алатын болады. Дуровтың айтуынша, бұл мұғалімдер бұл ұрпақ үшін қаһармандар болады. 

Ойын симуляторлары білімнің келесі айрықша белгісі болады. Мысалы, нарық экономикасы курсын тапсыру үшін ойынның бірнеше деңгейін өту керек: виртуалды кәсіпорынды басқару, бұнда басқа ойыншылар да соны жасап, Сізді қатаң бәсекелестік ортаға қояды. 

Оқыту да интерактивті дыбыс визуалдық тесттер арқылы өтеді. Мысалы, жол жүру ережесі бойынша бұрыс жауап тандаған кезде, экранда автокөліктер жанып, төңкеріліп жатқан, толқытатын жол көлік апаты көрініс табады.  

Келешекте оқушылар жергілікті және жаһандық жарыс арқылы білім алады. Жаһандық тестілеу қазіргі кездегі бақылау жұмыстарын алмастырады. Оқушылардың жетістіктері, спортшылардың жеке рейтингі іспеттес, сандық тақталарға ілінеді. Әр ай сайын әр пән бойынша қаланың және мемлекеттің жеңімпаздары статистикалық түрде анықталатын болады. ЖОО және жұмысберушілер мектептердің түлектері туралы нақты әрі толық ақпаратты алады. 

Оқушылар шынайы қоршаған орта туралы объективті мәліметтерді біле отырып, деміңді тарылтатын блокбастер көру арқылы білім алады.   

Сонымен қатар, компьютерлік ойындар жаңа материалды меңгеруге арналады. Дуровтың пікірінше, мемлекеттік қызметкерлер бұндай ойындарды жасай алмайды. Бірақ мемлекет ойын жасаушыларға салық жеңілдіктерін береді.  

Прогресшіл мемлекеттер мектеп бағдарламаларын шектен тыс стандарттаудан арылады. Оқу жоспарлары қазірдің өзінде-ақ заманауи әлемнің талаптарынан артта қалып жатыр. Ақпараттық ғасырда ата-аналар өз балалары үшін кез-келген бастамалар мен принциптерге негізделген мектепті өздері тандай алады. Әлеуметтік мемлекеттер ата-анасы тандаған мектептегі, оның тәжірибеде қолданып жатқан бағдарламасына қарамастан, баланың білімін қаржыландырады.