You are here

Яндекс оқушыларды бағдарламалауға үйретуге арналған Лицей ашты

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 30.08.2016

Ағымдағы жылғы қазанда Саратов, Пенза, Калуга мен Тамбовта Яндекс.Лицей ашылады. Бағдарламалау мектептері болашақта Ресей ірі қалаларының басым бөлігінде пайда болады. 

Лицейге 8-9 сынып оқушылары шақырылады. Бағдарламаның негізі — көп есепті шешуге мүмкіндік беретін Python тілін меңгеру. Бірінші жылы оқушылар теорияны оқиды және оңай жобаларды орындайды, ал екінші жылы нақты технологияларды тәжірибе жүзінде меңгеретін болады. Яндекс.Лицей түлектері базалық деңгейде бағдарламалар жаза алатын болады және жоғарғы сыныптардың өзінде-ақ әзірлеуші мансабын бастай алатын болады.

Оқыту бағдарламасы Яндекс деректерді талдау мектебінде әзірленді. Сабақтар ЖОО, оқу орталықтары және басқа да білім беру ұйымдарының ғимараттарында аптасына екі рет тегін өтеді. Оқушыларды қалалардың әрқайсысында сонда тұратын және жұмыс істейтін оқытушылар сабақ береді. Жоба білім мен ІТ жетекшілік ететін өңірлік министрліктер мен ведомстволардың қолдауымен жұмыс істейді.