You are here

ЮНЕСКО Сингапурды АКТ саласындағы педагогикалық инновациясы үшін марапаттады

Printer-friendly versionPDF version

Ministry of Education Singapore, 15.01.2016

Сингапур Республикасының Білім министрлігі Хамад Бин Иса аль Халиф патшасының ЮНЕСКО жүлдесімен "Сингапурдағы ашық физика" жобасы (Open Source Physics at Singapore OSP@SG) үшін марапатталды. Жеңімпазға диплом мен $ 25 мың жүлдесі тағайындалды.

Анықтама үшін: Хамад Бин Иса аль Халиф патшасының ЮНЕСКО жүлдесі 2005ж. бастап тағайындалады. Жүлдені Бахрейн патшалығы қаржыландырады және білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдануда жоғары жетістіктер үшін тағайындалады. 

Жобаны 2012ж. бастап Сингапур Білім министрлігінің білім беру технологиялар бөлімі дайындады.  Жоба мақсаты - білім алушыларға АКТ-ресурстарын пайдалана отырып оқу мүмкіндігін беру.

Бағдарлама мұғалімдерге физика терминдерін шын өмірден мысалдар келтіре отырып, оңай түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл интерактивті модельдерді визуализациялау арқылы мүмкін болады. Бұл бағдарлама көмегімен мектептердің бірінде мұғалімдер балаларды ауада парашюттің ашылуына керекті оптималды уақытты есептеуді үйретеді. Оның математикалық модельдеу функциясы да бар, оның көмегімен оқушылар өз идеяларын модельдеп, оларды шын өмірмен салыстыра алады. Ашық шығыс коды мұғалімдер мен оқушыларға бірлесіп жұмыс істеуге, физиканы оқу үшін АКТ ресурстарымен бөлісуге мүмкіндік береді. 

Бағдарлама 10 мың оқушыны қамтыды. Бағдарламалық қамсыздандыру білім қауымы, министрлік және өндіріс арасындағы қарым-қатынасты күшейтті. Оның құралдары мен мазмұны бүкіл әлем бойынша қолжетімді болғандықтан халық санының ұлғаюына байланысты оңай ауқымдалады.