You are here

ЮНИСЕФ Әзірбайжан үкіметіне қолдау көрсетті

Printer-friendly versionPDF version

Day.az, 03.08.2017

ЮНИСЕФ Әзірбайжан үкіметімен бірлесіп, білім беруді дамыту және балаларды әлеуметтік қорғау кең ауқымды бағдарламасын өткізіп жатыр. Ынтымақтастыққа Білім, әділет, ішкі істер, жастар және сопрт, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері тартылған.

Балалардың мектепке дейінгі ұйымдардан мектептерге өту бағдарламасын әзірлеу бірінші бағыт болып табылады. ЮНИСЕФ бес жастағы балаларға арналған академиялық бағдарламаны жасауға және мұғалімдердің тиісті дайындығын қамтамасыз етуге көмектесіп жатыр. Қазіргі кезде бағдарлама елдегі балалардың жартысы қамтылған.

Әділет министрлігі және ІІМ бірлесіп кәмелет жасқа толмағандарға қатысты әділ сот саласында жұмыс жасап жатыр. ЮНИСЕФ кедей отбасылардан шыққан балаларға тегін құқықтық көмекті қамтамасыз етуге ұмтылады. Пилот шеңберінде Әзірбайжанның 5 өңірі қамтылды. Тегін құқытық консультацияны ұсыну туралы пікірлер оң болды. 

Ерекше білім беру қажеттіліктерімен балалардың мектепке бармауының жоғары деңгейі Әзірбайжанның екінші мәселесі болып табылады. ЮНИСЕФ Білім министрлігімен бірге Баку қаласында инклюзивті білім беру үшін 4 мектепті дайындап қойды. Оқушылардың тиісті дайындығы қамтамасыз етілді, сондай-ақ инклюзивті білім беруге жағдай жасалды.

ЮНИСЕФ Жастар және спорт министрлігімен және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге балаларды әлеуметтік қорғау заманауи стандарттарын қамтамасыз ету бағытында қадамдар жасап жатыр. Қызмет түрлері балаларға жастар үйінде ұсынылады: кәсіптік-техникалық дағдыларды алу, бос уақытты ұйымдастыру, спортпен айналысу және т.б. Сонымен қатар, халықтың осал топтарын анықтау жүйелерін жақсартуға күш-жігер бағытталған. Бұл көмекке мұқтаж балалар оны алып жатқанына көз жеткізу үшін жасалып жатыр.

Басым бастамалар пилот кезеңінде тұр, бірақ ЮНИСЕФ және Әзірбайжан үкіметі жобаларды келешекте кеңейтуді жоспарлап жатыр.