You are here

Зерттеу: 1-сынып оқушысының оқу үлгерімі анасының біліміне тікелей байланысты

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 24.02.2016

Ресейдің "Экономиканың жоғары мектебі" Ұлттық зерттеу университетінің Білім беру орталығы а.ж. 24 ақпанында "1-сынып оқушысының портреті: баланың когнитивтік және когнитивтік емес (жеке тұлғалық және әлеуметтік-эмоциялық) дамуының заңдылығы" зерттеуін ұсынды. Зерттеу IPIPS (The International Performance Indicators in Primary School project) жобасы нәтижелері негізінде жасалды. Бұл зерттеу шеңберінде оқушылардың оқудың бірінші жылындағы прогресіне бағалау жүргізілді. Қазіргі бастауыш сынып мұғалімі балалардың мектепке дайындығы деңгейінің әртүрлі болуы сияқты мәселелерге кез болады. Зерттеу авторларының бірі Елена Карданованың айтуынша, бала дамуына анасының білімі, ата-анасының балаға бөлетін уақыты, балабақшаға баруы, үйдегі кітап саны және т.б. әсер етеді.

Зерттеуде 1-сынып оқушыларының төрт тобы аталады. Бірінші топ «жұлдыздар» - тәуелсіз көшбасшылар, ымыраға қиын келеді. Оқушылардың бұл тобы "оқу" және "фонологиялық сауаттылық" пәні бойынша үздік нәтижелер көрсетеді. Олардың 92%-ы балабақшаға барды. Осы балалардың 74%-ының аналарының білімі жоғары. Аналары балалар біліміне белсенді тартылған. Бұдан басқа, олардың үйлерінде ірі кітапханалар бар. 

Балалардың екінші тобы «ұйымдастырылмаған», олардың когнитивтік дамуы орта деңгейде (оқу, математика және басқа) және когнитивтік емес критерийлері (өз-өзіне деген сенім, сыныптағы тәртібі және басқа) нәтижелері орташадан төмен болды. Бұл оқушылар әлеуметтік ортаға әлсіз бейімделген. Бұл балалардың аналарының 2/3 бөлігінің жоғары білімі бар. Олар балаларының өміріне белсенді араласады.  

Балалардың үшінші тобы – «көпшіл», жақсы когнитивті емес дағдылары бар, ал  когнитивтік дағдылары орташадан төмен болып келеді. Олардың аналарының 60%-ында жоғары білімі бар. Ата-аналарының мектептік өмірлеріне араласу деңгейі бірініші және екінші топқа қарағанда төмен.

Төртінші топ – «өздерін көрсете алмаған» оқушылар – когнитивтік және когнитивтік емес критерийлерінің көрсеткіштері төмен. Осы топтың балалары ортасы қолайсыз отбасыларынан шыққан. Олардың ата-аналары олармен бірге жеткіліксіз уақыт өткізеді. Аналарында жартысынан кем бөлігінде ғана жоғары білімі бар. Отбасының тек 22%-ында ғана жүзден астам кітабы бар. Бұл топ оқушыларының негізгі бөлігін ұл балалар алады. Алынған нәтижелер негізінде оқушылармен қарым-қатынасты тиімді жасау жөнінде мұғалімдерге ұсыныстар жасалады.