You are here

Зерттеу: Кедей отбасылардан шыққан балаларға жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы бастауыш мектептен бастап-ақ айту керек

Printer-friendly versionPDF version

TES, 15.08.2016

Teach First британдық ұйымның зерттеуі ауқатты отбасылардан шыққан балалар олардан анағұрлым кедей құрдастарына қарағанда жоғары білімді алуды ертерек жоспарлай бастайтынын көрсетті. 

Анықтама үшін: Teach First – мектептерде сапалы білім беру қызметтерін ұсынуда теңсіздік ті төмендету мәселелерімен айналысатын қайырымдылық ұйымы.

Табысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың тек 28%-ы ғана анағұрлым ауқатты отбасылардан шыққан  балалардың 47%-ымен салыстырғанда жоғары білімді алатындарына әрқашан сенімді болды жауап берді.

Деректер анағұрлым ауқатты отбасылардан шыққан оқушылардың 23%-ы анағұрлым қолайсыз отбасылардан шыққан балалардың 13%-ымен салыстырғанда ЖОО түсуді негізгі орта білімді алғаннан кейін-ақ жоспарлайтынын көрсетті. Соның ішінде олар ЖОО-ға өтініш беру кезінде оларға көмек беретін оқудан тыс бейакадемиялық қызметпен анағұрлым белсенді айналысады.

Teach First атқарушы директордың айтуынша, табысы аз отбасылардан шыққан оқушылардың көбі жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы білікті көмек пен ақпаратты әлі де аз алады. Осыған байланысты Teach First ұсынысы - жоғары білімнің тең қолжетімділігін ынталандыру үшін жоғары білім алуды бастауыш мектептен бастап насихаттаудың анағұрлым белсенді жұмысын жүргізу және оны 14 жаста кеңейту.

Зерттеуді Ұлыбритания университеттері мен колледждеріне қабылдау қызметінің (UCAS) зерттеуі барысында алынған деректер де дәлелдейді. Ол 10 жасқа қарай жоғары білімді алғысы келетінін білген балалардың жетекші ЖОО біріне түсу ықтималдығы 2 есе артық болатынын көрсетті.