You are here

Зерттеу Рессей мен Ұлыбритания бастауыш мектептері оқушыларының оқу үлгерімдерін салыстырды

Printer-friendly versionPDF version

Российское Образование, 27.12.2016

Экономика жоғары мектептің Білім институты және Дарем Университеті Ресей және Ұлыбританияның бастауыш мектеп балаларының оқу үлгерімдерінің деңгейін салыстыру мақсатында бірлескен зерттеу өткізді. Оқушылардың оқу жылындағы ілгерілеуін бағалау үшін зерттеу қыркүйек пен мамырда екі рет өткізілді. 

ЭЖМ Білім институтының Білімнің сапасының мониторинг орталығының директоры Елена Карданованың айтуынша, бұл екі елдегі балалардың оқуға дайындығын және олардың оқу жылындағы ілгерілеуін салыстыратын алғашқы зерттеу.

Бірініші сынып оқушыларының жетістіктерін салыстыру үшін балалардың білімін зерттеуге арналған PIPS халықаралық құралы пайдаланылды, ол 12 мемлекетте 20 жыл бойы пайдаланылып келеді.

Анықтама үшін: iPIPS (International Performance Indicators in Primary Schools) – баланың мектептегі оқуға дайындығын және оның жыл бойындағы жеке ілгерілеуін бағалауға бағытталған халықаралық құрал.

Салыстыру ресейлік балалар мектепке түсердің алдында анағұрлым көп білетінін, бірақ білімнің өсімі Ұлыбританияның бірінші сынып оқушыларында анағұрлым жоғары болатынын көрсетті. Бұл Ресейде балалар оқуды кейінірек бастауымен және бастауыш кезеңде анағұрлым көп білетінімен түсіндіріледі.