You are here

Зерттеулер сапасы ғалымның жасына байланысты төмендейді

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 20.01.2016

Жұмыста «Ғылыми өндірісті қалай жоғарылатуға болады? Зерттеулерді қаржыландыру мен басқа да факторлардың статистикалық талдауы» («How to boost scientific production? A statistical analysis of research funding and other influencing factors») 1996-2010жж. Канадада зерттеулер қызметі қарастырылуда. 

Мәліметтер жарияланған жұмыстар сапасына ғалымның жасы кері әсер ететінін қөрсетеді. Жарияланған жұмыстар сапасының төмендеуін дәйексөздер санының азаюы дәлелдейді. 

Жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша, ғалым мансабының алғашқы 12 жылдың ішінде жариялымдар саны өседі. Содан соң жариялау белсенділігі қаржыландырудың өсуіне қарамастан біртіндеп түседі. 

Жұмыс авторларының пікірі қаржыландыру жас ғалымдарға көбірек бөлінуі керектігін дәлелдейді. Бұл нәтижелер зерттеулерді қаржыландыру жасы үлкен ғалымдар арасында тым шоғырланған сияқты сын ескертулерге факттар қосады.

Сонымен қатар талдау зерттеушінің тобы неғұрлым үлкен болса, ғылыми жұмыс соғұрлым табысты болатынын көрсетті. Дегенмен бұл жас ғалымдарға ғана қатысты. Ғалым есейген сайын ауқымды топ ішіндегі жұмыс ғылыми жобаның өнімділігі мен сапасын төмендетеді. 

Авторлар жариялымның сапасы мен жиелілігі ғалым жасына байланысты болуы жас ғалымдардың мақсатқа ұмтылғыш болуына байланысты деп санайды. Олар ғылыми қауымда қалуға және оқытушы ретінде тұрақты жұмыс табуға ұмтылғыш келеді. 

Австралия ұлттық университеті ректоры болған Нобель лауреаты Брайан Шмидт өткен жылдың қазан айында жасы 50-ден асқан зерттеушілерді қаржыландыру туралы кері пікір айтқан болатын. Оның айтуынша, қаржы жас ғалымдарға бөліну керек, өйткені зерттеушілердің белсенділік шыңы 40 жасқа дейін болатыны байқалады.