You are here

ЖаҺанды жоғары білім беру геосаясатының ауыспалы нысаны

Printer-friendly versionPDF version

University World News, 02.06.2017

2017 ж. 29 сәуірде Бейжіңде Университеттердің Азия одағын іске қосу (Asian Universities Alliance, AUA) жаҺандық жоғары білім берудің ауыспалы геосаясатында маңызды кезеңі болып табылады. Ол өңірдің 14 елінің 15 оқу орнынан тұрады:

  1. Цинхуа университеті (Қытай)
  2. Бейжің университеті (Қытай)
  3. Гонконг ғылым және технологиялар университеті (Гонконг)
  4. Мумбаидың Үнді технологиялық институты (Үндістан)
  5. Сеул ұлттық университеті (Оңтүстік Корея)
  6. Токио университеті (Жапония)
  7.  Чулалонгкорн университеті (Тайланд)
  8. Янгон университеті (Мьянма)
  9. Малайя университеті (Малайзия)
  10.  Сингапурдың ұлттық университеті (Сингапур)
  11.  Индонезия университеті (Индонезия)
  12. Коломбо университеті (Шри-Ланка)
  13. БАӘ университеті (БАӘ)
  14. Сауд Королінің университеті (Сауд Арабиясы)
  15.  Назарбаев университеті (Қазақстан)

Алты ЖОО Times Higher Education 2017 жылғы нұсқасы бойынша ең үздік азиялық университеттердің бірінші ондығында (Сингапурдың ұлттық университеті – 1 орын, Бейжің университеті – 2, Цинхуа – 3, Гонконг ғылым және технологиялар университеті – 6, Токио университеті – 7, Сеул ұлттық университеті - 9 орын).

AUA альянсқа кіретін ЖОО студенттерінің, ғалымдары мен әкімшілігінің ұтқырлығына жәрдемдесетін болады. Ол сондай-ақ ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын және бірлескен инновациялық жобаларды қолдап бекітеді. Сонымен қатар, ұйым өз мүшелеріне жоғары деңгейдегі диалог және жоғары білім берудің жаңа азиялық стратегияларын әзірлеу үшін алаң ұсынады. Мұның барлығы азиялық ЖОО-лардың әлеуетін едәуір арттыруға ықпал тигізеді.

ЖаҺандық ұтқырлық заманауи жоғары білім берудің маңызды ерекшелігі болып табылады және ол тұрақты тенденция. Алайда, азиялық студенттердің арасында жақсы жоғары білімді үйден алыстамай алуға болатындығынын артып жатқан танылуы нарықтың динамикасын сөзсіз өзгертеді.

Альянстың жетекші ЖОО-сы Цинхуа Университетінің президенті Азия қарқынды дамып келе жатқанын, ал азиялық университеттер осы мүмкіндікті білім беру және зерттеулер деңгейін арттыру үшін пайдалану қажеттілігін атап өтті.

AUA азиялық ЖОО өңірдің экономикалық түрлендірудегі ролінде ғана емес, сонымен қатар, олардың әлемдік алаңда алатын орны үшін мүдделі. Шығыс білім беру философиясы мен мұрасында негізделген «әлемдік деңгейдегі университеттер» дамуының арқасында, олар жаҺандық жоғары білім беруде басым ЖОО бәсекелесе алады.

Альянс, сонымен қатар, университеттерге жалғыз өздері қол жеткізе алмайтын мақсаттарға жету үшін мүмкіндік береді. Өзара оқытудың, ілгерілету және позитивтік ұйымдастырушылық түрлендірулердің арқасында әріптестер табысқа жете алады. Альянс ЖОО-ларға өңірлік және жаҺандық рейтингтерде өз орнын жақсартуға көмектесуі мүмкін. Ресурстар мен беделді жақсарту осы мекемелерге үздік ғалымдар мен студенттерді тартып, Азиядан батыс ЖОО-ларға «ақылдың кетуін» төмендетуге көмектеседі. AUA қытайлық жұмсақ күшті көрсетудің бірі болып табылады. Мемлекеттің демеушілігімен ол қытай үкіметіне толықтай қолдау көрсетеді. Альянсты құру рәсімінде негізгі баяндаушы ҚХР вице-премьері Лю Яньдун (Liu Yandong) болды.