You are here

Жаңа есеп АҚШ-тағы тілдік дағдарысты анықтады

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 19.12.2016

«АҚШ-тағы тілдердің жай-күйі: статистикалық келбеті» (The State of Languages in the U.S.: A Statistical Portrait) Американдық өнер және ғылым академиясы есебінің деректеріне сәйкес АҚШ-та тілдерге оқыту білім берудің әр деңгейінде айтарлықтай қысқаруда. Ағылшын тілінен басқа өзге тілдерде сөйлейтін азаматтардың үлесі азайып келе жатыр.

Есептің деректері бойынша елдің 5 жастан асқан 60 млн. астам азаматы (18,5%) үйде ағылшын тілінен басқа өзге тілде сөйлейді. Бұл кезекте екінші тілді халықтың небәрі 10%-ы ғана мінсіз біледі екен, көпшілік үшін ол мәдени-этникалық тиістілік тілі болып табылады.

Қазіргі уақытта елде тілдерге оқыту саласында педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. Соңғы 10 жылда мемлекеттік мектептерде әлемдік тілдерде мамандандырылған мұғалімдердің саны айтарлықтай өзгермеді. Испан тілі жалғыз өзгешелік болып табылады. Бұл пән мұғалімдерінің үлесі 2004 жылдан 2012 жылға дейін 10 мыңға артты.

Шетел тілін білуді талап ететін бос жұмыс орындарының үлесі артып келеді. Атап айтқанда, шетел тілін білумен жарияланған онлайн бос жұмыс орындарының үлесі Массачусетс штатында 2015ж. 14,5 мыңды құрады, 2010ж. 5,6 мың болды.

Есептің авторы Розмари Фил (Rosemary Feal) айтуынша, негізгі қорытынды - АҚШ-та эмигранттардың отбасыларынан шыққандар - екі тілділер. Шетел тілдерін білетін адамдардың аз саны - оларды оқуға, әсіресе мемлекеттік мектептердің бастауыш сыныптарында мүмкіндіктің болмауы.