You are here

Жапондық мұғалімдер – әлемде ең жұмысбасты мұғалімдер

Printer-friendly versionPDF version

Nippon.com, 01.09.2016

Жапония мұғалімінің сыныптан тыс жұмысы аптасына 7 сағаттан артық уақытты алады. Бұл ЭЫДҰ TALIS-2013 зерттеуінің деректері бойынша еуропалық елдердің орташа көрсеткіштерінен анағұрлым ұзақ. 

Анықтама үшін: TALIS – білім беру жүйелерінің жағдайларын және мұғалімдердің жұмысын зерттеу, оны әр 5 жыл сайын ЭЫДҰ өткізеді. Бірінші зерттеу 2008 жылы өтті. 2013 жылы зерттеуге 34 мемлекет қатысты, соынң ішінде 24-і ЭЫДҰ мүше болды. Зерттеу шеңберінде әр елден 300 мектептің шамамен 6 мың мұғалімі сауалнамаға қатысты. 

Қызығушылықтар бойынша үйірмелер мен секцияларды ұйымдастыру мен өткізу өте көп уақытты алады, олар Жапонияда букацу деп аталады. Мектеп үйірмелері қызметінің ауқымдылығы бойынша Жапония Азия-Тынық мұхиты өңірінің көшбасшысы болып табылады.  

Мұғалімдердің жетекшілігімен оқушылар спорттық және мәдени үйірмелерде қатысады. Мектептерде үйірмелерді ұйымдастырудың арқасында спорттық және мәдени іс-шаралар жапондық оқушылар үшін аз төлемге қолжетімді болады.   

Жапонияның Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы мұғалімдер мен оқушылардың үйірменің жұмысына ерікті қатысуын қарастырады. Дегенмен, тәжірибе жүзінде көптеген мектептер олардың міндетті қатысуын талап етеді. Оқушылардың 90%-ы және мұғалімдердің 92,4%-ы үйірмеге қатысады және Жапония мектептерінде олардың жұмысын ұйымдастырады. Үйірме қызметінің ерікті сипаты нәтижесінде мұғалімдердің сыныптан тыс жұмысын қоғамдық жүктемелілікке жатқызылады.