You are here

Жапонияда бағдарламалау міндетті пәнге айналады

Printer-friendly versionPDF version

The Japan News, 17.05.2016

Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігінің шешімімен 2020 жылдан  бастауыш мектепте, 2021 жылдан орта мектепте, 2022 жылдан бастап жоғарғы мектепте бағадарламалау міндетті  пәнге айналады. Бүгін жапондық мектептерде бағдарламалау еңбек пәні шеңберінде оқытылады, ал жоғарғы сынып оқушылары үшін тандау пәні болып табылады. 

Бастауыш мектепте бағдарламалау ойын ретінде оқытылады. Оқу материалдары әзірленді, бұнда балалар өзіндік "құрылыс блоктарынан" тұратын алгоритмдерді құрай отырып, ойын кейіпкерлерін басқаруға арналған бағдарламалар жазады. Бағдарламалау сабақтары "Ғылым" пәнінің оқу жоспарына қосылады. 

Бүгінгі танда Жапонияның кейбір мектептерінде бағдарламау мектептердің, қоғамдық ұйымдар мен компаниялардың бастамасымен бастауыш сыныптарға міндетті пән ретінде енгізілді. Алғашқы эксперименттер оң нәтиже берді және олар ұлттық оқу бағдарламаның мысалы болады. 

Білім министрлігі орта мектепте еңбек сабағында оқытылатын бағдарламалаудың жай мысалдарын да байытып қайта жасауды жоспарлап жатыр. Жоғарғы сыныптарда бағдарламалаудың жетілдірілген қазіргі сабақтарын қалдырады, бірақ олар пән міндетті болады.

Мектеп бағдарламасындағы өзгерістер еңбек нарығында бағдарламашыларға сұраныстың өсуіне байланысты. Болашақта бұл сұраныс одан да көбееді деп күтілуде. 

Мектеп бағдарламасына бағдарламалауды міндетті пән ретінде енгізудің басты мәселесі  - қажетті білімі мен оқыту тәжірибесі бар мұғалімдердің жоқтығы. Мұғалімдердің дағдыларын IT-бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің лекцияларын ұйымдастыру арқылы жоғарылатады. 

Анықтама үшін: 2000 жылы бағдарламалау Израильдің мектеп бағдарламасының міндетті пәніне айналды. 2014 жылы Ұлыбританияда 5 жастағы балаларды бағдарламалауға міндетті оқытудың бағдарламасын ұсынды. Себебі - өнеркәсіптік бәсекелестікті жетілдіру. 

2016 жылғы қаңтарында АҚШ президенті Барак Обама компьютерлік ғылымға $4 млрд. қаржыны инвестициялауды жоспарлағаны туралы хабарлады. Google және басқа да IT-компаниялар қызметкерлерді оқуға ынталандыру мақсатында тегін білім беру сайттарын жасауда.