You are here

Жоғары білім XXI-ғасырда Қытайдікі бола ма?

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 13.02.2017

Азия-Тынық мұхиты өңірінің мемлекеттерінде әлемдік деңгейдегі мәртебелі ЖОО-дың анағұрлым көп санына ұмтылу тренді байқалады. Бұл бәйгедегі көшбасшылардың бірі Қытай болып табылады. Times Higher Education университеттер рейтингінде  БРИКС елдері бойынша үздік ондыққа Қытай 6 позицияны алады. Негізгі халықаралық рейтингте ұсынылған ЖОО саны үнемі артып келеді. Соңғы бес жылда Қытайдың жетекші ЖОО нәтижелері айтарлықтай жақсарды.

1-кесте. Қытайдың жетекші ЖОО-лары халықаралық рейтингтерде

Университет

Times Higher Education

Шанхай рейтингі

2011/12

2016/17

2012

2016

Цинхуа Университеті

71

35

151-200

58

Бейжің университеті

49

29

151-200

71

Қытайдың Ғылыми-техникалық университеті

192

153

201-300

101-150

Фудань университеті

226-250

155

201-300

101-150

Джао Тонг Университеті

301-350

201-250

151-200

101-150

Чжэцзян университеті

301-350

201-250

151-200

101-150

Жоғары білім беру саласында мамандар ағынын тоқтату үшін мемлекеттің билігі талантты ғалымдармен және оқытушылармен жұмыс жасауды күшейтуге ерекше назар аударады. Стратегиялық жоспарларға талантты студенттер мен мамандарды шетелден тарту да кіреді.

1998ж. Қытай университеттерін дамыту мақсатымен біліктілігі жоғары ғалымдарды тарту үшін Changjiang шәкіртақы бағдарламасы енгізілген болатын. Оның бюджеті алғашқы 10 жылда $65 млн. құрады, оның үштен екі бөлігін Білім министрлігі қаржыландырды.

Қытай Үкіметі әлі күнге дейін зерттеу қызметі мен жоғары білім беру саласына айтарлықтай инвестиция салып келеді, бұл олардың жоғары білім беру саласында өңірлік және жаһандық көшбасшы болуының саяси ұмтылысын айқындайды.

2015ж. Қытайда «World Class 2.0» бағдарламасы іске қосылды, ол жоғары нәтижелерді көрсететін және содан соң Times Higher Education рейтингінің көшбасшысы болатын университеттерді қаржыландыруға бағытталды.

Қытай үкіметі қаржыландырудың әртүрлі бағдарламаларын мемлекеттің ішінде де, оның шегінен тысқары да ұсына отырып, халықаралық ынтымақтастықты да белсене ілгерілеп жатыр.

Осыған байланысты халықаралық сарапшылар батыс университеттер қытайлық ЖОО-мен зерттеулер мен оқыту саласында байланыс орнату туралы ойлану керек деп санайды.