You are here

ЖОО аяқтаған әр төртінші ресейлік жоғары білімді қажет етпейтін жұмысты атқарады

Printer-friendly versionPDF version

Учительская газета, 09.02.2017

Экономикның жоғары мектебінің талдаушылары "Жоғары білімді ресейліктер қайда және кім болып жұмыс істейді" атты зерттеуді өткізді. Зерттеудің нәтижелері дипломы бар қызметкерлер санының артуына қарамастан, ЖОО аяқтаған әрбір төртінші ресейлік жоғары білімді қажет етпейтін жұмысты атқаратынын көрсетті. Бұл кезекте қызметкерлердің шамамен 30%-ы мамандығы бойынша жұмыс істемейді деп санайды.

Жұмыс істейтін ресейліктердің арасында экономист пен инженер дипломының иегерлері көп, аграрий, өнертанушы және жаратылыстану ғылымдары мен математика мамандары аз.

Зерттеудің деректері бойынша, жастар мен егде жастағы қызметкерлердің білімі ерекшеленеді. Жастардың арасында экономист дипломы, ал 40-тан асқан және одан да ересек қызметкерлердің арасында инженерлік дайындық басым. Бұдан сарапшылар мынандай қорытындыға келді: екі топ еңбек нарығында тікелей бәсекелестікке түспейді, өйткені әртүрлі жұмыс орындарына сұраныс танытады.

Дипломы бар қызметкерлердің жартысынан астамы (55,8%) біліктіліктің жоғары деңгейлі мамандар позицияларын алады. Бұндай қызметкерлер әсіресе медициналық ЖОО түлектерінің арасында анағұрлым басым болса, инженерлер мен аграрийлердің арасында анағұрлым аз.

ЖОО-ның шамамен әрбір алтыншы түлегі басқарушы лауазымын алады. Инженерлер, ауылшаруашылық саласының мамандары, сонымен қатар экономисттер мен басқарушылар басқарушы лауазымға тағайындалады.

Жоғары білім иегерлерінің төрттен бір бөлігі (26,6%) ол үшін артық позицияда жұмыс істейді. Бұнда ауылшаруашылық ЖОО түлектері көшбасшы болып табылады. Медицина қызметкерлері өз біліктілігінен төмен жұмысты жиі атқарады.

Нәтижесінде, зерттеудің авторлары медициналық ЖОО түлектерін ең қолайлы топ деп санауға болады деп айтады: олар университетте уақытын босқа кетірмейді, өйткені бұдан кейін мамандығы бойынша жұмыс істейді және жоғары біліктілікті қажет ететін лауазымды алады. Аграрлық сектор қызметкерлерінің жағдайы басқа, олардың мамандығы дипломымен байланысты болмауы мүмкін, кейде жоғары білімді мүлдем қажет етпейді.