You are here

ЖОО-ның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қалай дамытуға болады?

Printer-friendly versionPDF version

Известия, 06.10.2016

Ірі ресейлік ЖОО қолдаудың «Жоба 5-100» мемлекеттік бағдарламасы нәтиже бере бастады.

Бұл нәтиже көрсеткіштерінің бірі ретінде ЖОО-ның әлемдік рейтингтері бола алады. ММУ, МФТИ, Санкт-Петербург Ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар, механика және оптика университеті (АТМО) және ЭЖМ әлемнің жетекші университеттік рейтинг агенттіктерінің бірі болып саналатын Times Higher Education (THE) салалық рейтингтің топ-100 кірді.

ММУ "Гуманитарлық ғылымдар" саласында 66-орынға және «Компьютерлік ғылымдар» саласында 43-орынға, МФТИ «Жаратылыстану ғылымдары» саласында 78-орынға, АТМО «Компьютерлік ғылымдар» саласында 56-орынға, ЭЖМ «Бизнес және экономика» саласында 83-орынға ие болды.  2016 жылға дейін соңғы екі рейтингте ресейлік университеттер мүлдем болмады.

ЭЖМ ҰЗУ Білім институтының ғылыми басшысының айтуынша, елде әлемдік салалық рейтингтің топ-100 кіретін университет болса, бұл озық бастамалардың әлемдік айналымы, тиісті саланың әлі жарияланбаған білімі мен технологиялары елге қолжетімді екенін білдіреді. Егер Сіз осындай университетте жұмыс істейтін болсаңыз, Сізді беделді мамандандырылған әлемдік конференцияларға қуана-қуана шақыратын болады, ал Сіздің шақыруыңызға жетекші шетелдік профессорлар үлкен ықтималдықпен жауап береді.

Салалық рейтингтердегі жақсы орындар сыртқы инвестицияларды тартуға да ықпал етеді. Математиктер мен бағдарламашыларды даярлайтын мықты университеттердің болуы — елдің экономикасына инвестициялар салуға дайын тұрған IT-компаниялар үшін маңызды дәлел. Осындай университеттерге осы университеттермен бірге заманауи зертханаларды, зерттеу орталықтары, кіші инновациялық кәсіпорындарды құруға дайын тұрған жұмысберушілер кезекке тұрады.

РФ ЖОО  THE салалық рейтингтерінде  жоғары көрсеткіштерге 5-100 жобасының арқасында ие болды. Жоба университеттерді белгілі жиектемелерге қойды, кейде олар оқытушылық лауазымдарға байқаудан өтетіндерге қойылатын талаптарды қатаңдату, әріптестерінің жариялымдылық белсенділігін бағалау сияқты іс-әрекеттерді жасауға итермелейді.