You are here

Жұмысберушілер РФ ЖОО түлектерінің дайындық сапасына көңілдері толмайды

Printer-friendly versionPDF version

wciom.ru, 13.06.2016

Жалпыресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жоғары біліммен қанағаттығының дәрежесі туралы халық сауалнамасының деректерін ұсынды.  

Сауалнамаға қатысқан ресейліктердің жартысынан астамы (56%) ресейлік ЖОО-дағы дайындық сапаны орташа деп бағалады, жұмысберушілер де шамамен осындай баға берді (55%), ал жас мамандардың үштен бір бөлігі ғана осылай деп ойлайды (36%).

Азаматтардың 22%-ының пікірі бойынша, отандық университеттер мен институттар түлектерінің дайындық деңгейі жоғары. Бұл пікірмен жас мамандардың басым бөлігі (58%) және  тек әр оныншы жұмыс беруші (13%) келіседі.

Кәсіптік мамандарды даярлау деңгейінің төмендігіне ресейліктердің 16%-ы, жұмысберушілердің төрттен бір бөлігі (28%) және түлектердің тек 5%-ы ғана сенімді. Ресей ЖОО түлектері тәжірибелік дағдыларының жетіспеушілігін жас мамандардың басым бөлігі (56%), және жұмысберушілердің абсолюттік көпшілігі (91%) мойындайды.

Сауалнамаға 1,6 мың адам қатысты. Статистикалық қателік 2,5%-дан аспады.