You are here

«Жұмысты іздеуді доғарыңыз»: еңбек нарығы ХХІ-ғасырда қалай өзгереді

Printer-friendly versionPDF version

Harvard Business Review Russia, 11.04.2017

Диана Малкахи, «The Gig Economy The Complete Guide to Getting Better Work, Taking More Time Off, and Financing the Life you Want» («Гигономика: жақсы жұмыс, бос уақыт және сен қалаған тіршілік үшін табыс алуға арналған гайд») кітабының авторы, гигономика бойынша МВА курсының оқытушысы, жарқын мансапты қалайтындарға "жұмыс іздеуді доғару" туралы кеңес берді.

Анықтама үшін: Гигономика (gig economy) – еркін табыс табу экономикасы, бұл кезде компаниялар қысқа мерзімді еңбек келісімшарттарына өтеді.

Малкахи айтуынша, қазір жұмыс бұрынғыдай емес. Жұмыс орындарының саны артып жатқан жоқ. Компаниялар өз қызметкерлеріне кәсіби не қаржылай тұрақтылыққа кепілдік бермейді. Қызметкерлер мен компаниялардың басым бөлігі анағұрлым икемді және тәуелсіз сипаттағы қарым-қатынастарды тандайды және қалайды. McKinsey деректері бойынша, жұмысқа қабілетті халықтың 20-30%-ы штаттан тыс қызметкерлер болып табылады және бұндай адамдардың үлесі қарқынды артып жатыр. 

Малкахи студенттерге ойлау қабілеттерін, дағдыларды және құралнамаларды дамытуға кеңес береді, бұл оларға тәуелсіз еңбек әлемінде табысқа жетуге көмектеседі. Малкахи қарапайым жұмысты іздеуді неліктен тоқтату керек екенін түсіндіретін үш себепті атады.

Толық ставкаға жұмыс істеу бірте-бірте жоғалады. Экономисттер Ларри Кац мен Алан Крюгер АҚШ-та жұмыспен қамтудың соңғы бес жылда барлық таза өсімін толық ставкадағы жұмыс орындар емес, балама еңбек қатынастар құрайтынын анықтады. Жұмыс орындары саны азаюының тағы бір себебі олардың өсу тетігінің тоқталуында жатыр. Жаңа кәсіпорындардың саны ең төмен жылдамдықпен өсіп жатыр, ал жаңадан пайда болғандар аз жұмыс орындарын құрайды. Бұрын АҚШ-та жаңа бизнестер жылына 3 млн. жуық жұмыс орындарын құрайтын, бірақ қазір бұл көрсеткіш жылына 2 млн. дейін азайды. 

Жұмыспен толық қамтылған қызметкерлер – ең қымбат және ең икемсіз еңбек ресурсы, бұл қасиеттер оларды АҚШ корпоративтік әлеміне де, Кремний алқабының стартаптарына да тартымсыз етеді. Осындай қызметкерді жұмысқа алу, бағалас тәуелсіз мердігермен салыстырғанда, анағұрлым қымбат (30-40%-ға). Қызметкерлерді жартылай күнге және тәуелсіз мердігерлерді жұмысқа алу үрдісі артып келеді, ал автоматизация мен аутсорсинг танымал бола бастады.