You are here

Әзірбайжанда 40 мың мұғалімнің жалақысын көтереді

Printer-friendly versionPDF version

Day.Az, 17.10.2016

2016 жылғы қарашада-желтоқсанда Әзірбайжанның 26 ауданында және қалаларында жалпы білім беретін мекмелерде жұмыс істейтін мұғалімдердің білімі мен дағдыларына диагностикалық бағалау өткізіледі.

Білім министрлігінде мәлімдегендей, диагностикалық бағалауға мерзімді және мерзімсіз келісімшарт негізінде жұмыс істейтін мұғалімдер қатысады.

Диагностикалық бағалаудың нәтижелеріне сәйкес мұғалімдердің білімі мен дағдыларының деңгейі анықталады, жүктемелілік нормасы мен жалақы арттырылады, мұғалімдер дамытушы тренингтерге тартылады. 

Өткен 2 жылда Бакуде және елдің 12 өңірінде мемлекеттік жалпы білім беретін мекемелердің шамамен 60 мың мұғаліміне диагностикалық бағалау жасалды, олардың апталық жүктемелілігі 1,5 есеге, ал жалақысы 2 есеге жоғарылады.

Кезекті диагностикалық бағалаудан кейін жалақысы жоғарылатылған мұғалімдердің саны 100 мың адамға дейін жетеді.