You are here

Әзірбайжанда балабақшалардың жаңа типтері құрылады

Printer-friendly versionPDF version

Trend, 23.11.2016

Әзірбайжанда балабақшалардың жаңа типтері - отбасылық, қауымдық және муниципалды балабақшалар құрылады. Бұл туралы парламентке ұсынылған "Әзірбайжанның 2017ж. және келесі үш жылға әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасының" жобасында айтылды. Қазіргі уақытта Әзірбайжанда мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар жұмыс істейді.

Жобаға сәйкес, мектепке дейінгі ерте жастағы балаларды мектепке дейінгі білім беруге тарту деңгейін Еуропаның орташа көрсеткіштеріне дейін жеткізу мақсатында мемлекет балабақшалардың желісін кеңейтеді, олардың жағдайы мен жабдықталуы жақсартылады.