You are here

Әзірбайжанда мектепке дейінгі білім халықтың басым бөлігі үшін әлі де қолжетімсіз

Printer-friendly versionPDF version

Panorama.am, 06.07.2017

Әзірбайжанда мектепке дейінгі білім халықтың басым бөлігі үшін қолжетімсіз болып отыр. Мектепке дейінгі білімді балалардың небәрі 18%-ы ғана алады, яғни балалардың 82%-ында осындай мүмкіндіктер болмай отыр. 

Балабақшалардың басшылары топтардың толымдығы есебінен мәселені шешуге мәжбүр. Заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес құрылыс компаниялары тұрғын-үйлерді салғанда объектінің қасында балабақшаны да салуы тиіс. Дегенмен, жекеменшік құрылыс компаниялары президенттің жарлығын елемейді. Әзірбайжан Балалардың құқытарын қорғау лигасының басшысы Юсиф Бекиров үкімет мемлекеттік ұйымдарда мектепке дейінгі білімді ала алмайтын балаларға белгілі бір сомманы төлеуі тиіс деп санайды. 

Бұдан бұрын Бекиров елде балалар мен жасөспірімдердің оқу орындарына баруын ешкім бақыламайды деп мәлімдеді. Шамамен 70-80 мың бала білім беру жүйесінен тысқары болып отыр.