2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстанда 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын анықтау бойынша PIRLS-2021 (Progress in International Reading Literacy Study) халықаралық зерттеуі өткізілді. Өткен оқу жылындағы мектептердің жабылу салдарынан зерттеудің мерзімі 2021 жылғы сәуірден қыркүйек-қазан айларына ауыстырылуына байланысты зерттеуге 5-сынып оқушылары қатысты. PIRLS-2021-ге еліміздің атынан барлық өңірлерден 389 мектептің 10 мыңнан астам оқушысы қатысты. Сондай-ақ, зерттеуге ата-аналар, мұғалімдер және мектеп директорлары қатысты.

PIRLS зерттеуі 4-сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасының мониторингі болып табылады. Зерттеуді 2001 жылдан бастап әр бес жыл сайын IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығы жүргізеді. PIRLS-2021 – бұл 20 жылдық кезеңдегі оқу дағдыларының даму үдерісін көрсететін бесінші зерттеу циклі. PIRLS-2021-ге әлемнің 61 елі және 7 жеке өңірлер қатысады. Тестілеу қағаз (paperPIRLS) және сандық (digitalPIRLS) форматтарда өткізіледі. Ал сауалнама онлайн-сауалнама жүйесі арқылы жүргізіледі.

Зерттеуді өткізу барысында барлық санитарлық ережелер, халықаралық талаптар мен IEA стандарттары сақталды. PIRLS-2021 циклінің нәтижелерін IEA 2022 жылдың желтоқсан айында жариялайды.