7 октября 2021 года состоялся вебинар на тему: «Решения на основе данных в образовании: уроки Казахстана», на котором обсужден опыт взаимодействия Казахстана с Организацией экономического сотрудничества и развития (ОЭСР), а также реформы системы образования Казахстана за последние 10 лет.

 

2021 жылғы 7 қазанда Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл тәжірибесі, сондай-ақ соңғы 10 жылдағы Қазақстанның білім беру жүйесінің реформалары талқыланған «Білім берудегі мәліметтер негізіндегі шешімдер: Қазақстан сабақтары» тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинар ЭЫДҰ Білім және дағдылар жөніндегі директоры Андреас Шляйхердің модераторлығымен бейнеконференция байланысы форматында өтті. Сонымен қатар, вебинарда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ (АТО) президенті Мәдина Тыныбаева және Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаева қатысты.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл тәжірибесінің ұзақ тарихы бар екенін атап өтті. 2007 жылдан бастап Қазақстан білім мен ғылымның барлық деңгейлері бойынша 10 елдік шолуды іске асырды. 2012 жылдан бастап еліміз ЭЫДҰ-ның халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне белсенді қатысуда – Білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеуі (PISA), Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі (TALIS) және Ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасы (PIAAC). Жүргізіліп жатқан жұмыс Қазақстанға 2017 жылы ЭЫДҰ-ның екі комитетінің – Білім беру және Ғылыми-технологиялық саясат комитетінің қатысушысы болуға мүмкіндік берді.

Осы жұмысты үйлестіруді АТО жүзеге асырады. Соңғы 10 жылда АТО Қазақстандағы білім беру траекториясын реформалау ортасында болды, сонымен қатар, халықаралық аренада беделге ие болды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов АТО деректерді жинаудың, талдаудың және кейіннен іске асырудың тексерілген әдістерін пайдалана отырып, нақты деректер негізінде білім беру жүйесін дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаева АТО тарапынан құралатын деректер мен есептер «Зерттеу әдістері», «Білім беру реформалары және Қазақстандағы контекст», «Білім берудің жаһандануы» сияқты пәндер бойынша ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары үшін пайдалы ақпарат көзі болып табылатынын растады. АТО

қазақстандық мәнмәтіннің келешегін терең талдау арқылы Қазақстандағы зерттеулер мен реформалардың дамуына ықпал етеді.

Вебинар барысында жүргізіліп жатқан жұмыс Қазақстанның Орталық Азия өңірінде деректерді жинау, талдау және тарату саласында өңірлік көшбасшы болуына мүмкіндік беретіні атап өтілді.