Мектепке арналған pisa (PISA-based Test for Schools)

PBTS (PISA-based Test for Schools) – Экономикалық Серіктестік пен Даму Организациясы (OECD) PISA негізінде құрастырған тестілеу. Дәстүрлі PISA зерттеуімен салыстырғанда PBTS зерттеуінің мақсаты – жеке мектептің деңгейінде сыртқы бағалау жүргізу. Тестілеу нәтиженсінде әрбір мектеп 15 жасар оқушыларының функционалды сауаттылығының мемлекеттің және барлық әлемнің PISA зерттеуінде қатысқан мектептерімен салыстырмалы деңгейі жөнінде жеке аналитикалық талдау алады.
PBTS зерттеуі 15 жасар оқушылардың білімі мен дағдыларына баға беруімен қатар олардың оқу жетістіктеріне әсер ететін факторларды анықтауға да бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаттары келесідей: оқушылардың оқуды сәтті бітірулері мен еңбек нарығына шығуына қажетті білім деңгейлері, дағдылары мен икемділіктеріне баға беру; мектеп мұғалімдері мен әкімшілігене оқушылардың функционалы сауаттылығының деңгейін талдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету; мектептегі ахуал, оқушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен олардың оқуға құштарлығы және тағы да басқа көптеген факторлар жөнінде ақпарат жинау.
Қазіргі таңда зерттеу әлемнің 14 елінде өткізілген. Бұл мемлекеттер арасында Австралия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Испания және Қытай бар.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ
2022 жылы Қазақстан алғашқы рет PBTS зерттеуінде қатысатын болады. Зерттеуде республиканың барлық аудандарынан шамамен 1 000 мектеп қатысады. 2021 жылдың қараша айында Қазақстанда 200 мектеп қатысатын аппробациялық зерттеу өтеді.
Зерттеуде қатысу арқасында мектеп деңгейінде білім беруді жақсарту үшін нүктелі шара қолдануға мүмкіндік туады. Сонымен қатар зерттеудің қатысушылары әдістемелік материалдар мен қатысушы мемлекеттердің оқушылардың функционалды сауаттылығын нығайтудағы тәжірибесі жарияланған жаһандық платформаға кіруге мүмкіндік алады.

Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті

Галия Карбаева

Галия Карбаева