PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study)...

PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын мониторингтік зерттеу болып табылады. Оның мақсаты – оқушылардың оқу жетістіктерінің тенденцияларын өлшеу және оқу мен оқыту процесін жетілдіру мақсатында ұлттық білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды анықтау. Зерттеуді IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement ( https://www.iea.nl/ ) Оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық 2001 жылдан бастап әр бес жыл сайын өткізеді.
PIRLS-тің 4-сынып оқушыларына бағытталуы кездейсоқ емес – дәл осы жаста оқуға үйренуден үйрену үшін оқуға көшу процессі жүреді. Басқаша айтқанда, бұл жаста бала өмір бойы білім алу мен танымдық процесс үшін қажет ақпаратты өңдеу және сыни ойлау негіздерін қалайды.
PIRLS қағаз (paperPIRLS) және сандық (digitalPIRLS) форматтарда өткізіледі. DigitalPIRLS тапсырмаларына көптеген қызықты, көрнекі мәтіндер, сонымен қатар ePIRLS компоненті (оқушылардың Интернет-ортада ақпаратты оқу, түсіндіру және бағалау қабілеттерін бағалайтын тапсырмалар) кіреді.
PIRLS оқу сауаттылығын бағалау оқудың негізгі мақсаттарын – оқырмандық әдеби тәжірибені меңгеру, ақпаратты игеру және пайдалану, сондай-ақ Интернетте ақпаратты табу және пайдалануды қамтиды. Әзірленген тапсырмалардың әрқайсысы төрт дағдының біреуінің қалыптасуын бағалайды:
• Анық түрде берілген ақпаратты табу;
• Қорытынды тұжырымдау;
• Ақпаратты түсіндіру және жалпылау;
• Мәтіннің мазмұнын, тілін және элементтерін талдау және бағалау.
PIRLS аясында ата-аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама арқылы оқуды үйрену кезінде оқушылардың үйдегі және мектептегі тәжірибесі туралы кең контекстік ақпарат жиналады. Сауалнама нәтижелері оқушылардың әлеуметтік-экономикалық, эмоционалды әл-ауқаты, оқушының оқу жетістігі мен дамуына әсер ететін факторлар, сондай-ақ әртүрлі елдердің білім беру жүйесін ұйымдастыруы туралы бай ақпарат береді. IEA сондай-ақ «PIRLS халықаралық зерттеуі» энциклопедиясын әзірлейді, онда бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жөніндегі елдердің үздік білім беру бағдарламалары мен тәжірибелері туралы бірегей ақпараттық материалдар бар.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ
Қазақстанда PIRLS халықаралық зерттеуі алғаш рет 2016 жылы өткізілді. Зерттеуге еліміздің 16 өңіріндегі 172 мектептен 4-сыныптың 4 925 оқушысы, сондай-ақ 234 бастауыш сынып мұғалімі, 4 925 ата-ана және 172 мектеп директоры қатысты. PIRLS-2016-ға барлығы әлемнің 50 елі мен 11 жеке аймағы қатысты.
2021 жылы Қазақстан PIRLS зерттеуінің кезекті циклына қатысуда. Зерттеу шеңберінде дәстүрлі қағаз форматынан цифрлық форматқа көшу орын алды. Біздің елімізді 389 мектептің 10 000-нан астам оқушылар және осынша ата-аналар, 525 мұғалім және 389 директор таныстырды. Алдыңғы циклмен салыстырмалылықты қамтамасыз ету мақсатында 122 мектеп қағаз форматында (Bridge Booklets) қатысты. PIRLS–2021 циклінің нәтижелері 2022 жылдың желтоқсан айында жарияланады.
PIRLS зерттеу циклі
Жыл 2021 2022 2023
Іс-шаралар Негізгі зерттеу Халықаралық есеп Қатысу қорытындысы бойынша ұлттық есеп

PIRLS-ке қатысу Қазақстанға 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығы деңгейін елішілік және халықаралық контексте тәуелсіз бағалауға және ғылыми зерттеулер жүргізу мен білім беру сапасын жақсарту стратегиясын әзірлеу үшін ауқымды деректер базасын алуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу сондай-ақ қазақстандық білім берудің жетекші білім беру жүйелерінің халықаралық қоғамдастығына кірігуі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Басылымдар

Ұлттық есеп PIRLS 2016

Ұлттық есеп PIRLS 2016

PIRLS құралнамасы және оны бағалау технологиясы

PIRLS құралнамасы және оны бағалау технологиясы

Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті

Назым Сманова

Назым Сманова

Бас талдаушы