БНҚ
Орта білім берудің мазмұны мен басқармасын жетілдірудің ғылыми негізделген тәсілдерін және жоғары білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу
Тақырып бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру:

“Орта білім беру мазмұны мен басқармасын жетілдірудің ғылыми негізделген тәсілдерін және жоғары білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу”

Жобаның мақсаты: орта білім беру мазмұны мен басқармасын жетілдірудің ғылыми негізделген тәсілдерін және жоғары білім беруді дамытудың ғылыми – әдістемелік негіздерін әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер

Ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

академиялық ортада функционалдық сауаттылықты қабылдау және дамыту ерекшеліктері анықталды;
функционалдық сауаттылықты дамыту бөлігінде оқу бағдарламалары мазмұнының ерекшеліктері айқындалды;
студенттердің функционалдық оқу және математикалық сауаттылығын бағалау шеңбері әзірленді;
халықаралық салыстырмалы зерттеулер шеңберінің тәжірибесі бойынша студенттердің функционалдық оқу және математикалық сауаттылығын өлшеу бойынша тест тапсырмалары ұсынылды;
жоғары оқу орындарында студенттердің функционалдық сауаттылығын бағалау үшін әдістеме әзірленді;
ЖОО студенттерінің функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған ақпараттық жүйенің прототипі;
зерттеу нәтижелерін талқылау бойынша екі семинар өткізілді;
ҚР БҒМ немесе ЖАК КОКСОН ұсынған отандық және шетелдік рецензияланатын журналдарда және (немесе) нөлдік емес көрсеткішпен Scopus немесе Web of science (CA) халықаралық базаларымен индекстелетін халықаралық журналдарда мақалалар жарияланды.