Қазақстанның ЭЫДҰ ғылыми-технологиялық саясат жөніндегі комитетінің жұмысына қатысуын талдамалық сүйемелдеу
Қазақстанның ЭЫДҰ ҒТСК жұмысына қатысуы туралы қысқаша ақпарат

2017 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының Ғылыми және технологиялық саясат комитетіне (ЭЫДҰ ҒТСК) «Қатысушы» мәртебесінде қосылды. ЭЫДҰ ҒТСК-не мүше болу елдің болашақ дамуының басымдықтары мен стандарттарын белгілеуге қатыса алатын маңызды стратегиялық серіктес ретінде танылғандығының айғағы. ҒТСК «Қатысушысы» мәртебесі елдің отырыстарға, жұмыс топтары мен комитеттің жобаларына белсенді қатысуын, сондай-ақ Қазақстан қосылған құқықтық құралдар мен принциптердің сақталуын болжайды.