Қазақстанның ЭЫДҰ Білім саясаты комитетінің жұмысына қатысуы

Қазақстанның ЭЫДҰ БСК жұмысына қатысуы туралы қысқаша ақпарат

2017 жылдың қараша айында Қазақстан ЭЫДҰ Білім саясаты комитетінің мүшесі болуға шақыру алды.

2021 жылғы 12, 15-16 сәуірде Қазақстан ЭЫДҰ БСК 29-шы отырысына онлайн режимінде қатысты. Сессия коронавирустық пандемиядан бір жыл өткеннен кейін ЭЫДҰ елдеріндегі орта білімнің үлкен бейнесіне назар аударды: өткізіп

алған оқу мүмкіндіктері; мектеп жабылған кезде қашықтықтан оқыту; мектептерді қайта ашу кезінде оқушылар мен мектептерге қолдау көрсету; емтихандар мен бағалау әдістерін қайта қарау; мұғалімдерді қолдау; пандемия кезіндегі білім беруді қаржыландыру; шешім қабылдауда жауапкершілікті бөлу секілді тақырыптарды қозғады.

2021 жылғы 16-17 қарашада гибридтік форматта ұйымдастырылған ЭЫДҰ Білім саясаты комитетінің 30-шы отырысы өтті. Отырыста мүшелер мен шақырылған елдер 2021-22 жылдарға арналған БСК жұмысы мен бюджетін орындау барысы туралы есепті; кәсiптiк бiлiм беру және оқыту бағдарламасы бойынша оқитын студенттердiң кәсiби дағдыларын халықаралық бағалауды әзiрлеу; студенттердің толық орта білімге көшуі және ЭЫДҰ-ның жоғары оқу орындарындағы жұмысын талқылады. Сонымен қатар, жастарға жақсы мүмкіндіктер жасау жобасы, 2030 жылға дейінгі білім мен дағдылардың болашағы туралы жаһандық форум жұмысының нәтижелері, сондай-ақ алдағы Skills Summit 2022 ұйымдастыру жоспарларының тұсаукесері талқыланды.

Жоғары оқу орындарында педагогтарды даярлау сапасын арттыру және Қазақстанда ісін жаңа бастаған мұғалімдерді қолдау

Жоғары оқу орындарында педагогтарды даярлау сапасын арттыру және Қазақстанда ісін жаңа бастаған мұғалімдерді қолдау

Қазақстанның білім беру мақсаттарына сәйкес келетін ұлттық бағалау жүйесін әзірлеу

Қазақстанның білім беру мақсаттарына сәйкес келетін ұлттық бағалау жүйесін әзірлеу

Ұлттық мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанда Ұлттық емтихандарды күшейту

Ұлттық мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанда Ұлттық емтихандарды күшейту

Мектептегі білім сапасын жақсарту үшін мектептерді бағалау жүйесін әзірлеу

Мектептегі білім сапасын жақсарту үшін мектептерді бағалау жүйесін әзірлеу