Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)

ЭЫДҰ туралы қысқаша ақпарат

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) экономикалық өсу мен әлемдік сауданы ынталандыру үшін 1961 жылы құрылған. Ұйымның миссиясы – бүкіл әлемдегі адамдардың экономикалық өсуі мен әлеуметтік әл-ауқатына бағытталған саясатты ілгерілету.

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен белгіленген әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөніндегі ұлттық мақсатты қолдау.

ЭЫДҰ-ның негізгі миссиясы Ұйымға мүше елдердің экономикалық өсуіне жәрдемдесу және олардың жаһандық экономикалық өсу мен дамуға қосқан

үлесін арттыру және Ұйымға кірмейтін елдердегі кедейлікті азайту болып табылады. ЭЫДҰ мүше елдер мен серіктес елдер үкіметтерінің форумы болып табылады, онда кең ауқымды мәселелер – мемлекеттік басқару, салық салу, денсаулық сақтау, білім беру, жасыл экономика, су ресурстарын басқару, химия, ауыл шаруашылығы және т.б. секілді тақырыптар талқыланады.

Соңғы 7 жылда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ЭЫДҰ-мен ғылым, технологиялар және инновациялар саласында бірлескен жұмыс жүргізуде.

ЭЫДҰ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ КОМИТЕТІ

ЭЫДҰ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ КОМИТЕТІ

ЭЫДҰ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ КОМИТЕТІ

ЭЫДҰ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ КОМИТЕТІ