Аманғазы Мағжан Заңғарұлы

Аманғазы Мағжан Заңғарұлы

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Басқарма төрағасы

2015 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Шет тілдер: екі шет тілі» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде білім беруді басқару саласындағы магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2016 жылы Назарбаев Университетінде ғылыми қызметкер болып бастады. Кейін сол жылы «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-да жұмыс істей бастады. Әр жылдары менеджер, бас талдаушы, департамент директоры лауазымдарын атқарған. 2018-2021 жылдары «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президентінің орынбасары болды. 2021 жылы Дүниежүзілік банкте білім беру саласында кеңесші болып жұмыс істеді.

Өз қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы үш Ұлттық баяндаманы үйлестірді және бірлескен авторы болды. Қазақстанда алты халықаралық зерттеулерді (PISA, PISA, TALIS, TIMSS, PIRLS, ICILS) жүзеге асыруды үйлестірді және оған қатысты, олардың нәтижелері бойынша үш ұлттық есеп жарияланды. 2018 және 2020 жылдары ЭЫДҰ-ның «Білім беру саясатының перспективалары. Қазақстан» және «Қазақстандағы білім беру сапасын бағалау саясаты». PISA (ЭЫДҰ) Басқарушы кеңесінің, TALIS (ЭЫДҰ) Басқарушы кеңесінің, білім беру саясаты комитетінің (ЭЫДҰ) және IEA Бас Ассамблеясының отырыстарында Қазақстанның атынан өкілдік етті.

2022 жылдың мамыр айынан бастап «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарады.

Атанаева Мираим Қажмұхамбетқызы

Атанаева Мираим Қажмұхамбетқызы

Басқарушы директор

2000 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі»  мамандығы бойынша бітірді, 2003 жылы Шығыс Қазақстан университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша және 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» біліктілігі бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2000 жылы «БУРА и К» ЖШС шаруашылық бөлімінің бастығы болып бастады. 2012 жылдан бастап «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-да бас сарапшы, түрлі департаменттер директорының орынбасары, білім беру статистикасы және ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ету департаментінің директоры, дамытудың мемлекеттік бағдарламасын сараптау департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

2018 жылдың наурыз айынан бастап «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президентінің орынбасары. Ұлттық білім беру деректер базасын қалыптастыру мен дамытуға және ұлттық статистиканы халықаралық статистикамен сәйкестендіруге үлес қосты.

Өз қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының әртүрлі министрліктері мен ведомстволарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың (ЭЫДҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, IEA және т.б.) жұмыс топтарының отырыстарында консультант және сарапшы ретінде бірнеше рет қатысты. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның іске асырылуын бақылайды.

Жаңа формация менеджері ретінде өз біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады: қазақстандық жоба менеджерлерінің қауымдастығынан (IPMA «C») жобаларды басқару сертификатына ие.