Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндама туралы қысқаша ақпарат
Бүгінде әлем елдерінің жартысына жуығы мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды іске асырудағы өз прогресін талдайтын, білім беру саласындағы ұлттық мониторингтік есептерін шығарады. ЮНЕСКО-ның соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстан ұлттық баяндамаларды жыл сайынғы негізде жариялайтын елдердің қатарында.
Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманың негізіне ҰБДҚ ресми статистикасы мен СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректері, орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтер, халықаралық салыстырмалы зерттеулер деректері, сондай-ақ мемлекеттік білім беру саясатын орындаушыларға жүргізілген сауалнама нәтижелері кірді. Әр тарауда пандемия әсеріне назар аудара отырып, тиісті бағыттар бойынша талдау ұсынылған. Ұлттық баяндамада сондай-ақ білім беру жүйесінің мәселелері қарастырылады және оларды шешу үшін жауапты саяси шаралар ұсынылады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық баяндама

2019 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық баяндама

2018 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық баяндама

2017 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық баяндама

Аида Ахметжанова
Директор

Айжан Кузекова
Директордың орынбасары

Шынар Шаймуратова
Бас талдаушы

Гулбагира Толеу
Жоба менеджері

Гульсауле Кайрат
Бас талдаушы

Аида Амирова
Маман