2022 ЖЫЛЫ PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУІНІҢ КЕЗЕКТІ ЦИКЛІ ӨТЕДІ
PISA – 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама. 2022 жылы зерттеуге әлемнің 80-ге жуық елі қатысады. Зерттеу 2000 жылдан бастап әр 3 жыл сайын жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде зерттеуге 90 ел мен экономикадан 15 жастағы 3 миллионнан астам оқушылар қатысты.
Қазақстан PISA-ға 2009 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. Бағдарлама білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы деңгейін бағалайды. Жаңа циклде алғаш рет креативті ойлау дағдылары бағаланатын болады.
Зерттеудің мақсаты: жалпы міндетті білім алған оқушылардың қоғамға толыққанды қатысуы үшін қажетті білім мен дағдыға қаншалықты ие екенін бағалау (функционалдық сауаттылық).
Зерттеуді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әзірлейді және жүргізеді. Ақпараттық-талдау орталығы зерттеудің Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі болып табылады.
ЗЕРТТЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?
– Зерттеу үш жылдық циклмен жүргізіледі. Әр циклде үш бағыттың бірі басым бағыт болып табылады, ағымдағы циклде бұл – математикалық сауаттылық.
– Білім беру ұйымдарын сияқты, зерттеуге қатысушыларды 15 жастағы оқушылар арасынан халықаралық ұйым кездейсоқ іріктеу әдісімен іріктейді.
– 2018 жылдан бастап PISA компьютерлік форматта өткізіледі. Зерттеу тестілеуден (120 минут) және оқушыларға арналған сауалнамадан (60 минут) тұрады. Сондай-ақ, мектеп және колледж әкімшілігіне арналған сауалнама жүргізіледі.
Зерттеу оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын бағалап қана қоймай, сонымен қатар олардың ынтасын, сенімдері мен оқу стратегиясын зерттейді. PISA заманауи білім беру үрдісін ұстанады және оқушылардың мектепте алған білімін өмірде қолдану қабілетін бағалайды – бұл XXI ғасырдағы функционалдық сауаттылық пен дағдылардың маңызды аспектісі.
PISA-НЫҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
Алынған мәліметтер білім берудегі жүйелік олқылықтарды анықтауға, сондай-ақ білім беру саясатын жетілдіру үшін тиісті ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әрбір циклге қатысу қорытындылары бойынша есеп жариялайды. Ақпараттық-талдау орталығы Ұлттық есептерді, құпиялылық режимінен шыққан тестілеу тапсырмалар жинақтарын шығарады.