ВИЗУАЛ: 2020 ЖЫЛҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МОНИТОРИНГІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ОҚУ ОРЫНДАРЫ ПАНДЕМИЯҒА ҚАЛАЙ БЕЙІМДЕЛДІ

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІ
Бүгінгі күнде әлем елдерінің жартысына жуығы білім беру саласында ұлттық мониторингтік есептер шығарады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауы білім беруді басқару жүйесіндегі ашықтықты растайды. Ұлттық баяндама білім беру жүйесі басқарушыларының үстелдік кітабына айналды, оған халықаралық ұйымдар бағдарлануда.
Жаһандық дағдарыстың 2020 жылы білім беруді қалай өзгерткенін, білім беру үдерістің барлық қатысушылары үшін салдары қандай екенін және мемлекет ауқымды сынаққа жауап ретінде не қабылдағанын қарастырайық.
2020-2021 оқу жылында білім алушылардың басым бөлігі білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың онлайн-форматына көшті.Қашықтан оқытудың негізгі құралы смартфон болды. Оқушылардың дербес компьютерлермен және гаджеттермен қамтамасыз етілуінің ең төмен үлесі Түркістан облысында, ең жоғары үлесі Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелген.
Жоғары жылдамдықты интернетке қосылуы басты міндет болды. 2020 жылы бүкіл ел бойынша барлық мектептер жоғары жылдамдықты интернетке қосылған.
Қашықтықтан оқыту онлайн-платформалар мен сервистердің көмегімен, сондай-ақ телесабақтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Бұл тәсіл халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес келеді және Дүниежүзілік банк пен ЮНИСЕФпен оң бағаланған, себебі барлық оқушылардың күрделі жағдайларда білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз етуә маңызды .

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ПАНДЕМИЯНЫҢ САЛДАРЫ ҚАНДАЙ?
Оның салдарын жақын және алыс болашақта бағалау қажет. Футуристер әртүрлі сценарийлерді болжайды. Талқыланған барлық жағымсыз салдармен қатар, зерттеушілер мен сарапшылар оң әсерді атап өтті – Білім берудің цифрлық инфрақұрылымын дамуы, білім алушылар арасында дербестік пен өзін-өзі бақылауды арттыру және т. б. Бәріне түсінікті:
– Оқушылар қашықтықтан оқыту режимінде неғұрлым ұзақ оқыса, соғұрлым олардың үлгерімінің төмендеу ықтималдығы жоғары болады.
– Онлайн режимінде оқушыларға шет тілдерін және жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, физика, химия) пәндерді меңгеру қиын

МЕМЛЕКЕТ ҚАБЫЛДАҒАН ӘРЕКЕТТЕР:
* қашықтықтан білім беру бойынша нормативтік құқықтық негіз қалыптастырылды
* оқушыларға 185 мың дана компьютерлік техника берілді
* мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар дайындалды
* 347 мың педагог қашықтықтан оқыту курстарынан өтті
* 6 оқыту интернет-платформасы іске қосылды
* 13 000 телесабақ дайындалды тжәне т. б.
Толығырақ ақпаратты 2020 жылғы ҚР Білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы ұлттық баяндамадан оқи аласыз.