2022 жылы математикалық сауаттылыққа басты назар аударылады. Бағалаудың үш негізгі бағытына қоса, тестілеу әр цикл сайын өзгеретін инновациялық салаларда да жүзеге асырылады. Бұл циклде оқушылар шығармашылық ойлауды бағалауға қатысады.
Зерттеу компьютерлік форматта жүргізіледі. Математикалық және оқу сауаттылығын бағалау бейімделгіш болады. Бейімделу әдісін қолдану бағалаудың дәлдігін арттыруға бағытталған, өйткені бейімделу форматындағы тапсырмалар әр оқушыға тесттің алдыңғы кезеңдеріндегі тапсырмаларды қалай орындағанына байланысты динамикалық түрде беріледі.
Бейімді тестілеуге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асуда: PISA-2015 циклінде осы тәсіл арқылы тек оқу сауаттылығы бағаланса, ағымдағы циклде математикалық сауаттылық қосылды, PISA-2025-те жаратылыстану сауаттылығы қосылады.
Алдыңғы жылдар зерттеулерінің нәтижелері берілген Ұлттық есептермен сілтеме арқылы таныса аласыз https://iac.kz/?page_id=2301&lang=ru
Қазақстанның жаһандық рейтингідегі нәтижелерін PISA Халықаралық есептерінде таба аласыз https://www.oecd.org/pisa/publications/
PISA үздіксіз процесс екенін ескеріңіз және келесі кезеңдерден тұрады:
1. Зерттеудің апробациялық кезеңін өткізуге дайындық2. Зерттеудің апробациялық кезеңі3. Апробациялық зерттеу нәтижелеріне шолу4. Негізгі зерттеу5. Есептерді дайындау және жариялауЗерттеу циклі қалай жүретіні туралы толығырақ инфографикадан біле аласыз