Тыныбаева Мадина Аглановна

Тыныбаева Мадина Аглановна

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті

Павлодар университетін және Инновациялық Еуразиялық университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша үздік бітірді. «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында білім беру ғылымдары мен технологияларының магистр дәрежесін алды (Твенте Университеті, Нидерладны). Білім беру саласында PhD дәрежесіне (Назарбаев Университеті) ие.

Еңбек жолын Павлодар университетінің оқытушы-тағылымдамашысы ретінде бастады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да жұмыс істеді.

2011 жылдан 2021 жылға дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да қызмет атқарды. Жалғыз Акционердің шешімімен 2021 жылғы 9 ақпаннан бастап «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды.

Білім беру саласындағы бірнеше халықаралық ғылыми жобалардың қатысушысы.

Сабырұлы Ерлікжан

Сабырұлы Ерлікжан

Президеттің орынбасары

2012 жылы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар: көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде Хериот-Ватт университетінде (Эдинбург, Ұлыбритания) «Информатика: ақпараттық технология» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Халықаралық зерттеулерді (PISA, TALIS, PBTS, ICILS, TIMSS, PIRLS) іске асыруға тікелей қатысады.

PISA басқару кеңесінің мүшесі және Білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық (IEA) Бас ассамблеясы мүшесі. Халықаралық зерттеулерді іске асыру Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының PISA басқару кеңесімен және Білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.

Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге үлес қосты. ҚР БҒМ жұмыс топтарына, кездесулерге және отырыстарына үнемі қатысады

Атанаева Мираим Қажмұхамбетовна

Атанаева Мираим Қажмұхамбетовна

Президеттің орынбасары

2000 жылы О.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университетін «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2003 жылы Шығыс Қазақстан университеті «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша және 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» біліктілігі бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2000 жылы «БУРА и К» ЖШС экономика бөлімінің бастығы ретінде бастады. 2012 жылдан бастап «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-да бас сарапшы, түрлі департаменттер директорының орынбасары, Білім беру статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаментінің директоры және Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының сараптау департаменті директорының лауазымында жұмыс істеді.

2018 жылдың наурыз айынан бастап АҚ президентінің орынбасары. Ұлттық білім беру деректер қорының қалыптасуы мен дамуына және ұлттық статистиканы халықаралық статистикамен сәйкестендіруге үлес қосты.

Өз қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының түрлі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың (ЭЫДҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, IEA және т.б.) жұмыс топтарының отырыстарында және сарапшылар кеңесінде кеңесші және сарапшы ретінде бірнеше рет тартылды. Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылайды.

Жаңа формацияның менеджері ретінде өзінің біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады: жобалық менеджерлердің қазақстандық қауымдастығынан (IPMA «C») жобаларды басқару сертификаты бар.