ICILS

by | Oct 31, 2021

ШОУЛ

ICILS – бұл әлемдегі 8-ші сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы деңгейін бағалайтын алғашқы зерттеу. Зерттеуінің мақсаты – оқушылардың IT-құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау, осылайша мектептегі білім беру оқушыларының IT-құзыреттілігін қалыптастыруға қалай ықпал етеді және IT-дағдыларын дамытуға қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.

ICILS зерттеуі толығымен компьютерлік форматта жүргізіледі. Зерттеу шеңберінде оқушылардың компьютерді пайдалануды түсіну принциптерін, ақпарат жинау, ақпараттық өнім және сандық коммуникация құру деңгейі бағаланады. ICILS тапсырмалары бес тақырып аясында құрылған, олардың әрқайсысы академиялық, әлеуметтік немесе экологиялық контекстте әр түрлі аспектілерді қарастырады. Барлық тапсырмалар нақты өмірлік жағдайларға бағытталған және ғылым (үстел ойындары), әлеуметтік немесе экологиялық (тыныс алу, қалдықтарды қайта өңдеу) және оқушының әлеуметтік өмірі (саз тобы, мектеп сапары) тақырыптарына топтастырылған.

ICILS-тің негізгі қатысушылары – жасы 13,5-14,5 жасқа сәйкес келетін
8-сынып оқушылары. Сегізінші сынып оқушыларының орташа жасы 13,5 жастан аспайтын кейбір елдерде мақсатты топ ретінде 9-сынып алынады. Қазақстанда көрсетілген жас санаты – 8-сынып оқушылары. Сонымен қатар, зерттеу шеңберінде мұғалімдер мен мектеп директорлары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының АКТ үйлестірушілері арасында сауалнама жүргізіледі.

ICILS нәтижелері елдерге АКТ дағдыларының деңгейін өлшеу үшін кең ауқымды мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл мәліметтер мектептегі орта мен білім беру оқушылардың АКТ деңгейіне қалай әсер ететінін түсінуге және осы дағдылардың дамуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ

2018 жылдың көктемінде 14 елмен қатар Қазақстан алғаш рет компьютерлік және ақпараттық сауаттылық бойынша халықаралық зерттеудің екінші цикліне – ICILS-2018 қатысты. Қатысушылар контингенті елдің барлық өңірлерінен келген 184 білім беру ұйымдарының 3 373 сегізінші сынып оқушылары, 2 630 мұғалімдер мен 184 директорлар мен АКТ үйлестірушілерінен құралды. АКТ сауаттылық бойынша мұндай ауқымды бағалау елімізде бірінші рет өткізілді. Нәтижелерді IEA 2019 жылдын 5 қарашасында жариялады.

2021 жылы Қазақстан ICILS-2023 зерттеуінің келесі цикліне қатысуға дайындалуда. ICILS-2023 циклінің нәтижелерін 2024 жылдың желтоқсанында Халықаралық академиялық жетістіктерді бағалау ассоциациясы ұсынады.

 

ICILS зерттеу циклі

2021 Дайындық жұмыстары    
2022 Аппробациялық зерттеу    
2023 Негізгі зертеу    
2024 Халықаралық есеп    
2024 Ұлттық есеп    

 

ICILS-ке қатысу Қазақстанға ішкі және халықаралық контекстте 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылық деңгейіне тәуелсіз баға алуға мүмкіндік береді. Елдің бұл зерттеуге қатысуы IT-білім берудің белсенді дамуына ықпал етеді. Бұл ел халқының ақпараттық сауаттылық деңгейіне мультипликативті әсер береді.

Айым Мырзабекова

Айым Мырзабекова

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің бас сарапшысы