TIMSS

ШОЛУ

TIMSS зерттеуін білім беру жетістіктерін бағалайтын Халықаралық Ассоциация (IEA) 1995 жылдан бастап төрт жылдық циклдермен өткізеді. TIMSS зерттеуінде әлемнің 60-тан астам мемлекеті қатысады.

Зерттеудің мақсаты – бастауыш және орта мектеп оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдарындағы дайындығын бағалау. Зерттеудетөртінші және сегізінші сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері мен төртінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысады. Оқушылар тестілеу мен сауалнамадан өтеді, ал ата-аналар, әкімшілік пен мұғалімдер сауалнамалар толтырады. Зерттеу қағаз форматында өткізілген (1995 – 2015гг.). 2023 жылдан бастап TIMSS зерттеуі компьютерлік форматта өткізілетін болады.

Зерттеудің негізгі ерекшелігі оқушылардың бір жиынтығы зерттелетіні болып табылады. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде төртінші сынып – бастауыш мектептің қорытынды сатысы. Төрт жылдан кейін төртінші сынып оқушылары сегізінші сынып оқушыларына айналады. Сонын арқысында бастауыш мектептен (4 сынып) орта мектепке (8сынып) ауысқандағы оқушылардың деңгейінің өзгерісін бақылауға мүмкіндік пайда болады.

TIMSS зерттеуінде қатысу халықаралық салыстырмалы объективті ақпаратқа қол жеткізу мен қазақстандық білім беру жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері мемлекеттік дерекқорындағы ақпаратқа талдау жасауға жол ашып, оқушылардың жетістіктеріне әсер ететін факторларды анықтап, білім беру саясатын жетілдеруге бағытталған ұсыныстарды даярлауға мумкіндік береді.

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ

Казақстан TIMSS зерттеуінің төрт циклінде қатысқан (2007, 2011, 2015, 2019). TIMSS-2007 зерттеуінде 141 казақстандық мектептің 3 990 төртінші сынып оқушысы қатысқты, ал TIMSS 2011 зерттеуінде – 154 мектептен 8775 оқушы, соның ішінде 4 385 төртінші сынып оқушысы мен 4 390 сегізінші сынып оқушысы,  TIMSS 2015 зерттеуінде – 179 мектептен 9 579 оқушы, сонын ішінде 4710 төртінші сынып оқушысы мен 4 869 сегізінші сынып оқушысы қатысты. TIMSS-2019 зерттеуінде – 176 мектептің 9 244 оқушысы, сонын ішінде 4 791 төртінші сынып оқушысы мен 4 453 сегізінші сынып оқушысы қатысты.

2021 жылы Қазақстан TIMSS-2023 жаңа зерттеу кезеңінде қатысуға дайындалуда. TIMSS-2023 зерттеуінде біздің мемлекет компьютерлік форматта қатысатын болады.

Берикбол Картпаев

Берикбол Картпаев

Главный аналитик Департамента международных сопоставительных исследований