You are here

Батумида инновациялар зертханасы ашылды

Printer-friendly versionPDF version

Спутник, 29.04.2016

Батумидағы Ш.Руставели атындағы мемлекеттік университетте инновациялар зерханасы - ФАБЛАБ ашылды. Зерхана 3D-модельдеу мен прототип жасауға арналған қамтамасыз ету бағдарламалармен жоғарытехнологиялық мамандандырылған құрал-жабдықтармен жабдықталған. 

Анықтама үшін: Фаблаб — бұл өндірістік зертхана (ағылшынша fabrication laboratory), 3D-модельдеуге арналған қамтамасыз ету бағдарламаларымен жо,прытехнологиялық мамандандырылған құрал-жабдықтар көмегімен жастар өз қолдарымен бейнеден дайын затқа дейін жасай алады.   

Өткен жылдың шілде айында Грузия Білім министрлігі мен Инновациялық технологиялар агенттігі заманауи, жоғарытехнологиялық және компьютер құралдарымен бақыланатын Фаблабтарды - кәсіптік училищелерде өндірістік инновациялар зертханаларын құруға кірісті. 

Фаблабтарды құрудың мақсаты инженерлік-зерттеу дағдылары бар жоғарыбілікті кадрларды даярлау, әлемдік дәрежедегі жеке және дәстүрлі өнім өндірісін дамыту, жаңа буынды ғылыми және инженерлік білімді таратуды қолдау, сонымен қатар жоғары деңгейлі инновациялық технологиялық идеяларды дамыту және оның ары қарай коммерциялануын қолдау болып табылады.