You are here

ЭЫДҰ: Эстонияның мектепке дейінгі білім беру жүйесін реформалау керек

Printer-friendly versionPDF version

Delfi, 16.05.2016

ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы) эстондық білім беру жүйесінің тиімділігі туралы есебіне сәйкес Эстонияның мектепке дейінгі білім беру жүйесін реформалау керек. Сарапшылардың пікірі бойынша, мектепке дейінгі білімді қаржыландыруды ұлғайту, және мемлекетке,  қазіргі уақытта мектептерге төленетін өтемақы сияқты, жергілікті басқарушы органдарға мектепке дейінгі білімге арналған өтемақыны төлеуді бастау керек.   

Эстонияның білімге кететін шығындарын ЭЫДҰ басқа мемлекеттерімен салыстырғанда, Эстония мектепке дейінгі білімге әлдеқайда аз қаржы жұмсағаны анықталды. Эстонияның бір оқушыға шаққандағы мектепке дейінгі білім шығындары ЭЫДҰ бойынша орташа шығынның 35% (6594 евродан 2324 евро) құрады. Бірақ кәсіптік училищелерге ЭЫДҰ бойынша орташа шығынның 82% (8263евродан 6792 евро) жұмсады. 

Қазіргі уақытта балабақшаларды жергілікті өзін-өзі басқару органдары қамтамасыз етеді. Олардың мемлекеттік минималды жалақының 20%-ға дейінгі көлеміндегі бір орынның ақысын талап ету құқығы бар. Сонымен қатарбалалардың тамағын ата-аналардың өздері төлеуі керек. Шетелдік сарапшылар қолданыстағы балабақшаның максимум ақысын мәселе деп санайды. Егер өзін-өзі басқару бір орынға барлығы үшін ортақ төлемді орнатса, онда бұл кедей ата-аналар үшін қолайсыз болады. Осылайша, табыс неғұрлым көп болса, балабақшадағы орын соғұрлым табысты болады. 

Солай бола тұра, муниципалдық және мемлекеттік мектептерде оқыту, оқу материалдары, ал негізгі мектепте тамақ та тегін. Сол үшін өзін-өзі басқару мемлекеттен ақы алады. Кәсіптік училищелер мен университеттердегі эстондық тілді мамандықтарға толық жүктемелі оқыту да тегін.