You are here

Ирландия 2020 жылға қарай шетелдік студенттерден €2 млрд. пайда табуды жоспарлайды

Printer-friendly versionPDF version

Pienews, 10.10.2016

Ирландия 2020 жылға қарай елдің ЖОО-да шетелдік студенттердің үлесін 15%-ға дейін арттыруды жоспарлайды. Сонымен қатар, ағылшын тілі курстарында білім алушылардың санын 25%-ға арттыруды да жоспарлайды. Бұл жоспарлар 2016-2020жж. арналған «Irish Educated. Globally Connected» жаңа стратегиясында белгіленді.

Қазіргі уақытта Ирландия барлық талапкерлерінің 8,8%-ы  – шетелдіктер. Ирландия Білім министрі Ричард Брутонның (Richard Bruton) айтуынша, бұл алдағы төрт жылда халықаралық студенттерден түсетін пайданы €1,5 млн.-нан €2,1 млн.-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 

Студенттерді белсенді тарту елшіліктер желісі арқылы жүргізіледі. Олар мемлекеттік құрылымдар мен бизнеспен бірлесіп жұмыс істеп, Ирландияны "Адами капиталды дамыту орталығы" ретінде ілгерілейді.

Үкімет ЖОО-ны аяқтағаннан кейін виза алуға қойылатын шектеуді шетелдік студенттер үшін алып тастауға ниеттенді. Қазіргі уақытта виза тек 12 айға ғана беріледі.